
Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының м.а.Б.А.Раимбекова бүгін Өскемен қаласы, Тимофеев көшесінде салынған «Жайлы мектепте» болды. Б.Раимбекова №31 жалпы орта білім беретін мектептің директорының м.а. Сапаргалиева Алмаш Заводбековнамен кездесіп, білім қызметіне берілетін бас лицензияны, оның қосымшаларын алу жағдайы талқыланды. Департамент басшысының м.а. мектеп директорының сұрақтарына жауап беріп, кеңес берді.