
Бүгін қаралы күн... 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Әрбір елдің қуанышты күндерімен қатар қайғылы, азалы күндері де болады. Адам өмір сүргендіктен, ұлт болғандықтан өзінің тарихынан тағылым алып, қайдан шыққанын біліп, осындай қайғы-қасіретті басынан өткізгенін ұмытпауы керек. Кезінде атылып кеткен Алаш зиялылары бар, қазақтың белгілі марғасқа азаматтары бар, аштық кезінде қырылған ата-бабаларымыз бар.
«Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР-ның 1993 жылы 14 сәуірдегі заңына сәйкес қуғын-сүргіндерге ұшырағандар жаппай ақталды, қазақ қайраткерлерінің есімдері халқына қайтарылды. Сонда да халқымыздың басынан өткен қасіретін халық жадынан ешкім өшіре алмас. Бұл біздің Отанымыздың тарихындағы өзекті мәселе.
Құрметті отандастар, өткен тарихымызды біліп, болашағымыз үшін күрескен ата-бабамыз рухына тағзым етіп отырайық.