
2025 жылы 29 мамырда "ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті" РММ қызметкерлері арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дәріс өткізілді. Кездесуде ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, исламтанушы Нұрлан Сәбитұлы Мурзабаев сөз сөйледі.
Тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік идеяларды тарату әдістері, ұлттық және діни құндылықтардың өзара байланысы туралы айтылды.
Сарапшы конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету үшін құқықтық сананы, отбасы мен қоғамдағы толерантты дәстүрлерді бекітуді қоса алғанда, халықтың жалпы мәдениеті мен білімін көтерудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Бұл іс-шара тиісті деңгейде өтті, тыңдаушылар риза болды.