Сырдария ауданы «27» мамыр 2025 жыл
Төрағалық етуші: Бөлім басшысы А.Қалдыбаева
Қатысқандар: Бөлім қызметкерлері
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша жария талқылау туралы
Ағымдағы жылдың 27 мамырында Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері жария талқылауда талқыланды.
Жария талқылау барысында мекеменің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша қолданыстағы нормативтік актілердің заңдылығы, оларға талдау жүргізу, құжаттардың мерзімінде тіркеуге алынуы, оның орындалуы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін ҚР ӘРПК талаптарына сәйкес қарау, жеке қабылдау, жеке тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдар, мемлекеттік қызметтерге қатысты тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау, мүдделер қақтығысын болдырмау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бағыты бойынша, рұқсат беру функцияларын және бақылау функцияларын іске асыру, ұйымдастыру - басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді қамти отырып, талдамалық анықтамада көзделген ұсыныстарды талқылау мен пысықтаулар жүргізілді.
Атап айтқанда:
- Сырдария ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 наурыздағы №78 қаулысымен «Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекеме Ережесіне «Қазақстан Республикасы Кодексінің 729-бабы 2-1) тармақшасына сәйкес 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау, әкімшілік жаза колдану бойынша жұмыстар жүргізу» функциясын қосуға байланысты мекеменің Ережесіне өзгерістер енгізу туралы ұсыным хат жолдау.
Сонымен қатар, талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту қажеттілігі айтылды.
Жария талқылауға қатысқан қызметкерлер тарапынан ұсыныстар мен пікір алмасулар болды.
Бөлім басшысы қызметкерлерге нақты тапсырмалар бере отырып, жария талқылауды жабық деп қорытындылады.
Жария талқылау қорытындысымен анықтамада көрсетілген ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекітіп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды уәкілетті органға мерзімінде жолдау тапсырылды.
Бөлім басшысы А.Қалдыбаева
Бас маман Ж.Төрәлиев