Доскей Әлімбайұлының 175 жылдығына арналған поэзиялық кеш өтті 2025 жылғы 21 маусым күні Доскей ауылдық Мәдениет үйінде ұлы ақын, ағартушы, халық перзенті Доскей Әлімбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Бармақтай бақ» атты поэзиялық кеш өтті. Рухани шараға ауыл тұрғындары мен жастар белсене қатысып, Доскей бабамыздың өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталды. Кеш барысында ақын өлеңдері оқылып, оның бай мұрасы жайлы тың деректер айтылды. Шараға арнайы қонақ ретінде Өразбек Мақсұтұлы Жүнісов қатысып, көрерменге рухани азық сыйлады.