
2 шілде күні Ақтерек ауылдық округінің әкімі Ғани Шортанбаев Ақтерек және Арқарлы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауылдағы өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындар көкейдегі сұрақтарын қойды.
Атап айтқанда, жол жөндеу, ауыз су, жарықтандыру, ауыл ішін абаттандыру және әлеуметтік нысандардың жай-күйі туралы сұрақтарға жауап берді.