
ҚҰРМЕТТІ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
АЙТЫС СҮЙЕР ҚАУЫМ!
23 қазан күні сағат 14:00 де аудандық мәдениет сарайында Отырар ауданының 90 жылдығы аясында Халық ақыны, Парасат орденінің иегері Әселхан Қалыбекованың 75 жылдығы және сатирик, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көпен Әмірбектің 75 жылдығына орай «Омартасы рухтың - Отырарым» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Дүбірлі айтысты ақын, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Құрмет» орденінің иегері Аманжол Әлтаев жүргізеді.Айтысқа елімізге белгілі азулы айтыс ақындары қатысады.
Келіңіздер,көріңіздер, айтысты көріп тамашалаңыздар!