KZ📌 2025 жылғы 16 қазан күні Доскей ауылында «Ботақара Су қожалығы» КМК өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті. Кәсіпорын директоры Карамулдин Д.К. мекеменің құрылымы, жұмысы және 2025 жылға арналған сумен қамтуды жақсарту жөніндегі жоспарлар туралы ақпарат берді. Жиналыста сумен жабдықтау мәселелері, берілетін судың сапасы, қызметтерге ақы төлеудің уақтылығы және желілердің жағдайы талқыланды. Сондай-ақ тұрғындарға қызмет көрсету мен өзара байланыс мәселелері қозғалды. Су құбыры желілеріндегі проблемалық учаскелер мен оларды шешу жолдары, апаттылықты азайту және судың тұрақты берілуін қамтамасыз ету шаралары қарастырылды. Ауыл тұрғындары өз сұрақтарын қойып, ұсыныстар мен пікірлерін білдірді. Кездесу ашық форматта өтіп, өзекті мәселелерді бірлесе шешуге басымдық берілді.