Результаты внутреннего анализа коррупционных рисков, проведённого в Департаменте юстиции Кызылординской области

    Статус
    Завершено
    Формат
    Очно
    Результаты внутреннего анализа коррупционных рисков, проведённого в Департаменте юстиции Кызылординской области
    НазначениеЗавершено

    Қызылорда облысының Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы

    Қызылорда қаласы 2025 жылғы 27маусым

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, Әділет департаменті басшысының 2025 жылғы 02маусымдағы№102нбұйрығы негізінде 2025 жылдың маусым айының 23-27аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың объектісі – Қызылорда облысының Әділет департаменті.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі – 2025 жылдың 1-ші жартыжылдығы.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

    1)қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    2)департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    1.Қызметті қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Әділет департаменті өз қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы №175н бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қызылорда облысының Әділет департаменті туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырады. Департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.

    2.Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі бойынша мынадай бағыттар талданды.

    Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аппарат басшысының 2025 жылғы 29 мамырдағы №176н «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі орталық аппаратының, ведомстволарының және аумақтық әділет органдарының лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу және штат санын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Әділет департаментінің құрылымының өзгеруіне байланысты, штат саны 43 бірлікті құрайды:

    С-О санаты бойынша –43

    Есепті кезеңдегі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдар саны – 1 бірлік.

    С-О-4 санаты бойынша (бөлім басшысы) – 1 бірлік;

    2025 жылдың басынан бері 3 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды. Оның ішінде:

    С-О-4 санаты бойынша (бөлім басшысы) – 1-өз еркімен (басқа қалаға көшуіне байланысты ), 1 – қысқартылған.

    С-О-5 санаты бойынша (бас маманы) – 1-өз еркімен ( басқа себептермен).

    2025 жылда біліктілігін арттыру курстарынан 8 қызметші Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда филиалында оқытуға жоспарланды, 2 мемлекеттік қызметші 2-тоқсанда оқытылған.

    2025 жылдың 1-жартыжылдығында жағымсыз себептермен босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

    2025жылдың 1-жартыжылдығында6 мемлекеттік қызметшілерге 7 қызметтік тергеп-тексерулер жүргізіліп, Әділет департаментінің Тәртіптік комиссиясында қаралған, 2 қызметкер алдыңғы қолданылған тәртіптік жазасымен шектелген, 2 қызметкердің тәртіптік терiс қылығы үшiн бiр ғана тәртіптік жаза қолданылатындығына байланысты тәртіптік өндіріс тоқтатылған, 1 қызметкердің әрекетінде (әрекетсіздігінде) тәртіптік теріс қылық болмауына байланысты тәртіптік жаза қолданбау жөнінде ұсыныс енгізілген, 2 қызметкерге әділет органдарындағы еңбек өтілін, осы саладағы жұмыс тәжірбиесін ескере отырып,тәртіптік өндірісті тоқтату жөнінде шешім қабылданған.

    2024 жылдың 1-жартыжылдығында 10 мемлекеттік қызметшіге 15қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген, тәртіптік комисссия қорытындысымен 1 тәртіптік жаза қолданылған.

    Ағымдағы жылы қолданылған тәртіптік жазалардың мерзімінен бұрын алынғаны-7.

    2)мүдделер қақтығысын реттеу;

    Департаменттің ұйымдастырушылық–басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты мүдделер қақтығысы, басшымен аффилиирленген қызметкерлерінің болуы анықталған жоқ.

    Департамент қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ.

    Департаменттің қаржы саласы бойынша өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар, барлық келісім шарттар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізілген.

    Мемлекеттік сатып алу порталы бойынша 2025 жылдың 1-жартыжылдығында ашық конкурс өткізілмеген. Баға ұсыныстарын сұрату бойынша 15 - сұраным өткізілген, өткізілмей қалған мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен 6 сатып алу, бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы 29 сатып алу, электронды дүкен арқылы 16 сатып алу өткізілген.

    3) мемлекеттік қызмет көрсету;

    ҚР «Әділет органдары туралы» Заңының (18-бабының 2-тармағы) Әдiлет органдарының мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру саласындағы функциялары бірі -коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеу, сондай-ақ Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргiзу болып табылады.

    Бұл бағыттағы жұмыстарды Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі және ауданаралық әділет басқармалары атқаруда.

    2025 жылдың 6-айында және өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырмалы түрде айтқанда:

    «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы облыс көлемінде 371 құжаттар келіп түскен, өткен жылдың ұқсас мерзімінде 450, яғни түскен құжаттардың саны -17,5% төмендеген.

    Түскен құжаттардың – 250 (2024ж. – 230) тіркеуден өтіп, 128-не (2024ж. – 113) тіркеуден бас тарту берілген, яғни бас тартулардың саны +13,2% көтерілген.

    Негізгі бас тартулар себебі, Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 11 бабының талаптарына сәйкес, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеуден) бас тарту негіздері, ол құрылтайшы немесе басшысы – төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылған жағдайлар.

    Сонымен бірге, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабардар етіліп. Қолданыстағы заң талаптарының сақтай отырып тиісті тындаулар өткізілуде. Өткен жылмен салыстырғанда тіркеу әрекеттер - 8,3 % төмендеді, ал бас тартулар саны 3 есе көтерілген.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 466-бабына сәйкес, Заң нормаларымен белгіленген (1 ай) мерзімде заңды тұлғалар тиісті тіркеуден өтпегені үшін 11 заңды тұлғаға қозғалған әкімшілік істер қозғалып ескерту берілді.

    Сонымен қатар, Әділет департаментіне ҚР «Әділет органдары туралы» Заңының талабына сәйкес - коммерциялық заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жүктелген.

    Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабында, Тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ екі жылда бір реттен жиілетпей айқындалады - деп айқындалуына байланысты. 2025 жылдың 6 айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда қаласында орналасқан бөлімшелерінде жоспарлы тексеру көзделмеген. Сонымен қатар, ресми құжаттарға апостиль қою бағыты бойынша да бір қатар жұмыстар атқарылды.

    Атап айтқанда, Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы 324 (2024ж. 1ж.ж – 222 құраған), Электронды түрде – 330 (2024ж.1ж.ж -261 құраған) өтініш түскен.

    Түскен өтініштерге сәйкес, 609 (2024ж.1ж.ж – 447 құраған) апостиль қойылды, өткен жылмен салыстырған 36,2% өскен.

    Ал, апостиль қоюдан 40 бас тарту берілді (2024ж.1ж.ж – 36 құраған болатын), өткен жылмен салыстырғанда 1,1% көтерілген. Бас тарту себептері, апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарда мемлекеттік мекемелердің мөрлерінің дұрыс көрінбеу себептерінен болып отыр.

    Департаменттің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету түрі - 2 «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау» және «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу».

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №344 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнер кәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 мамырдағы № 115/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу және автоматтандырылған режимде біліктілік беру құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жоба іске асырылуда.

    Нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар үшін аттестаттау «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық» акционерлік қоғамының базасында автоматтандырылған режимде жүргізіледі.

    Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауға барлығы 21 үміткер шақырылып, оның ішінде 17 үміткер аттестаттаудан өтпеді деп саналып аттестаттамау туралы шешім шығарылып табысталды, ал қалған 4 үміткер аттестатталды.

    Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауға барлығы 17 үміткер шақырылып, 16 үміткер аттестаттаудан өтпеді деп саналып аттестаттамау туралы шешім шығарылып табысталды, ал қалған 1 үміткер аттестатталды.

    Аталған мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар болмаған. Аталған мерзім ішінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

    Сондай-ақ, үміткерлерді аттестаттауға сәйкес азаматтар шешіміне, жалпы аттестаттаудың өткізілуі бойынша сотқа не болмаса әділет органдарына шағымдану фактілері орын алған жоқ.

    «Әділет органдары» ҚР Заңының 19-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, әдiлет органдары заң көмегін ұйымдастыру және көрсету саласында адвокаттардың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, заң консультанттарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асырады.

    «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі-Заң) 55-бабының 2 тармағының 7) тармақшасына сәйкес, адвокаттар алқасының төралқасы адвокаттың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағымдарды (ұсынуларды) тексеру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады.

    Заңның 72-бабының 1 тармағына сәйкес, адвокатты тәртіптік жауаптылыққа тартуды адвокаттардың тәртіптік комиссиясы жүзеге асырады.

    Заңның 68-бабының 3 тармағының 18-9) тармақшасына сәйкес, Төралқа адвокаттардың тәртіптік комиссиясы туралы ережені бекітеді.

    «Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы туралы» Ереженің 34 тармағына сәйкес, Тәртіптік істі Тәртіптік комиссия бұзушылық анықталған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде қарайды.

    Сондай-ақ Ереженің 96-тармағына сәйкес Тәртіптік комиссия тәртіптік іс жүргізуді келесі негіздерге сәйкес тоқтата тұруға міндетті. Атап айтқанда азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралатын басқа іс шешілгенге дейін тәртіптік істі қарау мүмкін болмағанда, тәртіптік іс жүргізуге қатысушы, іске өкілдердің қатысу жағдайларын қоспағанда, істі қарау мерзімінен асатын қызметтік іссапарда болған жағдайларда, іске олардың өкілдерінің қатысу жағдайларын қоспағанда, тәртіптік іс жүргізу қатысушысы медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайларда, өзіне қатысты тәртіптік іс қозғалған адвокаттың тәртіптік іс қозғауға себеп болған соттың жеке қаулысына/ұйғарымына, ұсыныстарына шағым жасалуы жағдайларында қолданылуы мүмкін.

    Жоғарыда көзделген заңнама талаптарына сәйкес, адвокаттардың әрекетіне түскен жолданымдарға тексеру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін жолданымдар адвокаттар алқасына жолданады.

    Алайда, «e-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасындағы «Басқа мекемеге жолдау» фунциясы арқылы, «Басқа өңірді таңдау» функциясына кіріп, әрі қарай «Мекемені таңдау» бөлігінде «Адвокаттар алқасы» (бұдан әрі-Алқа) енгізілмеген.

    «Е-Otinish» жүйесінің «Басқа мекемеге жолдау» функциясында қажетті мекеменің болмауына және шешім қабылдау функциясында өзге де шешімдердің түрлері (мүмкіндіктердің) көрсетілмеуіне байланысты, аталған арыздарды Алқаға жүйе арқылы тікелей жолдау мүмкін емес.

    Осыған орай, «e-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасына Адвокаттар алқасын енгізу мәселесін қарастыру сұралады.

    Сонымен қатар, «e-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында әділет органдарының құзіретіне кіретін мәселелер бойынша нақты санаттар енгізілмеген.

    Осыған орай жүйеге әділет органдарының құзіретіне кіретін мәселелер бойынша (нотариаттық, адвокаттық, жеке сот орындаушысы, мемлекеттік сот орындаушысының әрекетіне қатысты, жылжымайтын мүлікке қатысты, Ахат мәселесіне қатысты,, апостиль, зияткерлік мәселелеріне және т.б) нақты санаттар енгізу.

    Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №69 бұйрығымен бекітілген «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына сәйкес "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі көрсетіледі.

    2025 жылдың 1-жарты жылдығы бойынша Әділет департаментінің филиалдарымен "Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша барлығы 2мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілген.

    Аумақтық бөлім филиалымен аталған есепті кезең ішінде мемлекеттік қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген құжаттар мен рәсімдердің орындалуын талап етуге жол беру және мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдану деректері орын алмаған.

    "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрібойынша Жеке тұлға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге электронды түрде "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы өтінішті және құжаттарды жолдайды.

    2025 жылдың 6 айында "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша www.elicense.kz веб-порталы арқылы 2 өтініш тіркеліп, мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсетудің пилоттық жобасы бойынша жолданды.

    Аталған мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша мерзімдерін бұзу деректері орын алмады және шағымдар түскен жоқ.

    4)Департаментте рұқсат беру функциялары жоқ.

    5) бақылау функцияларын іске асыру;

    6)Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

    -Қазақстан Республикасы сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің заң бұзушылықты болдырмау туралыҰсынуы келіп түскен.Ұсынудағы мән-жайларды анықтау мақсатында тиісті қызметкерлерге қызметтік тергеп-тексерулер жүргізіліп, нәтижесі Департаменттің Тәртіптік комиссиясында қаралып, комиссия шешімімен қызметкерлердің алдыңғы алған тәртіптік жазасымен шектеліп, тәртіптік өндіріс тоқтатылған.

    -Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасының Заңдылықтың бұзылуын жою туралы Ұсынуы келіп түскен. Ұсынудағы мән-жайларды анықтау мақсатында тиісті қызметкерлерге қызметтік тергеп-тексерулер жүргізіліп, нәтижесі Департаменттің Тәртіптік комиссиясында қаралып, комиссия шешімімен қызметкерлердің тәртіптік теріс қылығы үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылатындығына байланысты тәртіптік өндіріс тоқтатылған.

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің заңдылықтың бұзылуын жою туралы, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайлар жөніндегі Ұсынуы бойынша департаменттің 4 мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолданылған.

    Департаментке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне талдау жасалды. Талдау кезеңінде департаментке барлығы 2037 өтініш келіп түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан –1957 , заңды тұлғалардан –80, арыз-1818, шағым-19, сұраныс-189, хабар-5, ұсыныс-6, жеке қабылдау-54.

    Келіп түскен өтініштердің жалпы санынан негізгі үлесі атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету саласына тиесілі.

    Өтініштерді қарау мерзімдерін бұзылу фактісі орын алмаған.

    Әділет департаментінің қызметін реттейтін құқықтық актілерде және де мемлекеттік қызмет көрсету бағыттары бойынша құқықтық актілер арасында қарама-қайшылықтар, сәйкессіздіктер анықталмаған.

    Талдау нәтижесімен ұсынылады:

    1.Сот актілерін орындау мәселелері бойынша келіп түскен шағымдарға талдау жүргізу;

    Мерзімі: тоқсан сайын

    1.Арыз-шағымдардың санын азайту мақсатында халықпен кездесулер өткізу, «Ашық есік күні» акцияларын жандандыру;

    1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жасалған ішкі талдау нәтижелерін интернет-ресурста орналастыру.

    Жұмыс тобы:

    Е.Тажикенов____________

    А.Косбергенова_____________

    Ж.Абсат________________

    С.Мустафаева_____________

    Ш.Бегежанова_____________

    Н.Ительгиева________________

    Г.Джурабекова_____________

    Д.Бадракова_______________

    Қызылорда облысының

    Әділет департаментінің

    басшысының м.а Ұ. Оразгелді

    Похожие материалы

    ОбъявлениеЗавершено

    📣 ПРЯМОЙ ЭФИР

    18 июня 2026 года судебный исполнитель Территориального отдела принудительного исполнения № 1 города Кызылорды Департамента юстиции Кызылординской области Ермекбаев Меирамбек проведет прямой эфир на тему: «Пути повышения эффективности исполнительного производства».

    ОбъявлениеЗавершено

    📢 ПРЯМОЙ ЭФИР

    8 июня 2026 года судебный исполнитель Территориального отдела принудительного исполнения №2 города Кызылорды Департамента юстиции Кызылординской области Есентай Гульнур Есентайкызы проведет прямой эфир на тему: "Порядок подачи обращений и получения информации через Кабинет сторон".

    ОбъявлениеЗавершено

    📢 ПРЯМОЙ ЭФИР

    28 мая 2026 года руководитель территориального отдела принудительного исполнения №1 города Кызылорды Департамента юстиции Кызылординской области, старший судебный исполнитель Бисембаев Манат Каримбаевич проведёт прямой эфир на тему «Исполнительное производство и статус судебного исполнителя».

    ОбъявлениеЗавершено

    📢 ПРЯМОЙ ЭФИР

    21 мая 2026 года судебный исполнитель территориального отдела принудительного исполнения №2 города Кызылорды Департамента юстиции Кызылординской области Есентай Гульнур Есентайкызы проведёт прямой эфир на тему «Порядок реализации арестованного имущества в рамках исполнительного производства».

    ПоздравлениеЗавершено

    📢 Поздравление

    Поздравляем вас с праздником Ораза айт! Желаем каждому дому радости, каждому сердцу — доброты, а каждой семье — благополучия. Пусть все ваши пожелания, загаданные в этот праздничный день, сбудутся, а жизнь будет наполнена счастьем и радостью!

    ОбъявлениеЗавершено

    📢 ПРЯМОЙ ЭФИР

    20 марта 2026 года руководитель административного отдела Департамента юстиции Кызылординской области Абдыкаликова Эльмира Сарымсаковна выступит в прямом эфире с информацией на тему «Конкретные меры по профилактике коррупции».

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.