
Құрметті ақкөлдіктер!
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды келе жатқан 1желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мерекенің ел тағдырындағы айрықша күн. Өйткені айтулы күн, сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды ете білген әрі жас мемлекетімізді сан-түрлі қауіп-қатерден аман алып шығып, тұрақты даму үдерісіне қосқан – кемеңгер тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы Қазақ мемлекетінің жолын жалғастырушы болса, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бабалардан қалған байрақты жықпай, көк туды көкке өрлеткен тұлға ретінде тарихта қалды.
Бүгінде Қазақстан ұлтаралық пен конфессияаралық келісімі берік орныққан, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті тұрақты дамып келе жатқан мемлекетке айналды. Елбасының сарабдал саясатының арқасында біз егеменді тәуелсіз ел ретінде халықаралық қоғамдастықта едәуір беделге қол жеткіздік.
Құрметті жерлестер!
Тұңғыш Президентпен бірге біз қиын кезеңдер мен сынақтардан абыроймен өттік. Оның дана басшылығымен тәуелсіздік жылдарында адамдар ертеңгі күнге деген сенімділікке ие болды.
Өз тағдырын елімен етене байланыстырған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!
Отбасыларыңызға бақыт, дендеріңізге саулық тілеймін!
Ел еңсесі биік, Елбасымыз аман болсын!
Уважаемые аккольцы!
Уважаемые земляки!
Сердечно поздравляю вас с приближающимся государственным
праздником 1 декабря – Днем Первого Президента Республики Казахстан!
Этот знаменательный день тесно связан именем Первого Президента Республики Казахстан – Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым. Именно в этот день в 1991 году в результате волеизъявления народа был избран Первый Президент страны. Деятельность Первого Президента государства
Н. А. Назарбаева по укреплению общественного согласия, политического суверенитета страны, построению рыночных отношений в экономике, обеспечению социальной справедливости и политической либерализации в обществе, созданию прочных контактов с международными политическими партнерами – все это есть конкретный пример истинного лидерства Первого Президента Республики Казахстан.
Сегодня Казахстан стал государством с прочно установившимся межнациональным и межконфессиональным согласием, постоянно развивающейся экономикой, наукой и культурой. Благодаря конструктивной политике Елбасы мы добились тенденции социально-экономического развития и признания на международной арене.
Дорогие земляки!
Вместе с Первым Президентом мы с честью прошли трудные времена и испытания. Под его мудрым руководством за годы независимости люди обрели уверенность в завтрашнем дне.
Искренне желаю крепкого здоровья, счастья, мира и благополучия каждой семье, успехов в труде во имя дальнейшего процветания нашей родины – Республики Казахстан!