Мемлекеттік білім беру тапсырысының орындалуына немесе қызметін бастаған жекеменшік мектептерге жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы
ХАТТАМА
Күні: 20.01.2026 жыл Түркістан қаласы
Коммисия құрамы:
- Қасымбекова Айгүл Ерхалықызы «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары - комиссия төрағасы,білім беру органының өкілі;
- Нұрпейісов Жандос Саттарұлы «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары - комиссия төрағасының орынбасары, білім беру органының өкілі;
- Жанаева Галия Амиралиевна «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Оқу бөлімінің басшысы - комиссия мүшесі, білім беру органының өкілі;
- Мырзазия Жеңіс Мірәліұлы «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Заңдылықты қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы - комиссия мүшесі, білім беру органының өкілі;
- Нурмаханов Газиз Нурланович «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Экономика және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы - комиссия мүшесі, білім беру органының өкілі;
- Аманова Раушан Галымжановна «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Оқу бөлімінің бас маманы - комиссия мүшесі,білім беру органының өкілі;
- Жылқайдар Рауан Даулетханұлы «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Оқу бөлімінің бас маманы - комиссия мүшесі, білім беру органының өкілі;
- Нуржанова Куляш Еримбетовна «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының бөлім басшысы - комиссия мүшесі, білім беру органының өкілі;
- Абубакиров Нүркен Диханбайұлы Түркістан облысының білім басқармасының «Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ-нің әдіскері - комиссия мүшесі, білім беру органының өкілі;
- Нұрманқызы Арайлым Түркістан облысының білім басқармасының «Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ-нің әдіскері - комиссия мүшесі, білім беру органының өкілі;
- Далмырзаев Сакен Абдиманатович Түркістан облысының білім басқармасының «Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп интернаты» КММ директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары - комиссия мүшесі, білім беру ұйымының өкілі;
- Нурсейтов Алишер Ауезханович Түркістан облысының білім басқармасының "Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физикаматематикалық мектеп-интернат" КММ-нің директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары - комиссия мүшесі, білім беру ұйымының өкілі;
- Мырзабек Ғалымжан Әділбекұлы Түркістан облысының білім басқармасы жанынан құрылған Орталықтандырылған бухгалтерияның Мемлекеттік сатып алуды мониторинглеу бөлімінің басшысы - комиссия мүшесі,білім беру органының өкілі;
- Садыбай Шәкәрім Сержанұлы Түркістан облысының білім басқармасы жанынан құрылған Орталықтандырылған бухгалтерияның бухгалтерэкономисті - комиссия мүшесі, білім беру органының өкілі;
- Естебеков Нұркен Алтынбекұлы «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының заңгер-кеңесшісі, комиссия мүшесі, қоғамдық бірлестіктің өкілі;
- Ыдырыс Әзірет Талғатұлы Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі, кәсіпкерлер палатасының өкілі;
- Пахымбет Серік Сатыбалдыұлы Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы, комиссия мүшесі, білім беру органының өкілі.
Түркістан облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің 10.12.2025 жылғы №507 Мемлекеттік тапсырыс орналастырылған орта білім беру ұйымдар ұйымдарына мониторинг жүргізу туралы бұйрығымен құрылған комиссия мүшелері,2026 жылдың 5-19 қаңтар аралығында жекеменшік орта білім беру ұйымдарының жұмысына ҚР «Білім туралы» Заңының 6-бабы, 2-тармағы 25) тармақшасына және ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 6 қарашадағы «Жекеменшік білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың жаңа тетігі» пилоттық жобасы туралы» №251 бірлескен бұйрығының 6-тарау, 29-тармағына сәйкес арнайы мониторинг жұмыстары жүргізілді.
І. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРЫ
«Асық ата «Дарын» Бастауыш мектебі»ЖШСЖетісай ауданы, Асық ата ауылы Қ. Яссауи көшесі, №16 орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша – 108, Bilimclass бойынша -100. Мектеп алды даярлық тобы -1. 1-4 сыныптар саны – 6. Білім беру қызметін жүргізу құқығына №KZ53LAM00006811 лицензиясы 17.06.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережесі мен мектеп жарғысы бар, сабақ кестесібекітілген.
- «Интеллектуал Мектебі» ЖШС Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Ақын Сара көшесі,5 орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша – 36, Bilimclass бойынша - 35. 1-5 сыныптар саны – 4. Білім беру қызметін жүргізу құқығына №KZ67LAM00008111 лицензиясы 26.06.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп, білім алушының тәртіптік ережелері ұсынылмады. Мектеп жарғысы бар. Сабақ кестесі бекітілген.
- «School leader» ЖШС Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Рудаки көшесі, 16Б орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша – 99, Bilimclass бойынша - 88. Мектеп алды даярлық тобы - 1. 1-4 сыныптар саны – 6. Білім беру қызметін жүргізу құқығына №KZ23LAM00008515 лицензиясы 01.07.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп, білім алушының тәртіптік ережелері ұсынылмады. Мектеп жарғысы бар. Сабақ кестесі бекітілген.
- «TAYMAS-I» ЖШС Жетісай ауданы, Асықата кенті, Қ.Ысқақов көшесі, 39 орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша – 105, Bilimclass бойынша - 103. Мектеп алды даярлық тобы - 1. 1-4 сыныптар саны – 8. Білім беру қызметін жүргізу құқығына №KZ33LAM00008723 лицензиясы 11.07.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп, білім алушының тәртіптік ережелері, мектеп жарғысы бар. Сабақ кестесі бекітілген.
- «TURAN зияткерлік мектебі» ЖШС Жетісай ауданы, Асықата кенті, Әл-Фараби көшесі, 38А орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша, Bilimclass бойынша - 83. Мектеп алды даярлық тобы - 1. 1-4 сыныптар саны – 5. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ07LAM00008512 лицензиясы 01.07.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережесі мен мектеп жарғысы бар, сабақ кестесі бекітілген.
- «Нұр - Орда бастауыш мектебі» ЖШС Шардара ауданы, Шардара қаласы, №23 көшесі, 17 орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша, Bilimclass бойынша - 85. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ11LAM00006597 лицензиясы 17.06.2025 күнімен берілген. Мектеп жарғысы бар, алайда титулдық бет Нұр - Орда бастауыш мектебі, ішкі беттері басқа мектеп атауымен жазылған.
- «Дүйсенов Айтбай атындағы зияткерлік мектебі» ЖШС Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауылы, Д.Қонаев көшесі, 72 орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша – 53, Bilimclass бойынша -48. 1-4 сыныптар саны – 5, 6-8 сыныптар -3. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ84LAM00008581 лицензиясы 02.07.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережесі мен мектеп жарғысы бар, сабақ кестесі бекітілген.
- «№9 Айзере орта мектебі» ЖШС Төле би ауданы, Леңгір қаласы, С.Сәулембаев көшесі, 76В орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша, Bilimclass бойынша - 97. 1-4 сыныптар саны – 5. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ95LAM00007995 лицензиясы 25.06.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережесі мен мектеп жарғысы бар, сабақ кестесі бекітілген.
- «SIRIUS жеке мектебі» ЖШС Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Мукумий көшесі, 156 орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша, Bilimclass бойынша - 48. 1-8 сыныптар саны – 9. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ55LAM00008230 лицензиясы 27.06.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережесі мен мектеп жарғысы бар, Екінші жарты жылдық сабақ кестесі жасалмаған.
- «М& КерейханSMART Мектебі»ЖШС Сайрам ауданы, Қарасу ауылы, Жібек жолы көшесі, 134 орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша – 74, Bilimclass бойынша - 75. 1-4 сыныптар саны – 4. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ67LAM00008596 лицензиясы 02.07.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережесі мен мектеп жарғысы бар, Екінші жарты жылдық сабақ кестесі жасалмаған.
- «BekMus бастауыш мектебі» ЖШС Арыс қаласы, Атамекен көшесі, 8 орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша, Bilimclass бойынша - 24, сыныпта отырған - 28. 1-4 сыныптар саны – 2. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ00LAM00009996 лицензиясы 31.10.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережесі мен мектеп жарғысы ұсынылмады.
- «Болашақ Көшбасшы» ЖШС Арыс қаласы, Төле би көшесі, 59 орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша, Bilimclass бойынша - 11. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ26LAM00006812 лицензиясы 17.06.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережесі мен мектеп жарғысы ұсынылмады.
- «Мардан –001бастауыш мектебі» ЖШС Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылы, Найман-2 Алабы, 58/59 орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша, Bilimclass бойынша -60. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ86LAM00009030 лицензиясы 15.08.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп, білім алушының тәртіптік ережелері, мектеп жарғысы бар. Сабақ кестесі бекітілген.
- «Өркен бастауыш мектебі» ЖШС Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Қажымұқан көшесі, 232 орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша, Bilimclass бойынша -77. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ94LAM00009177 лицензиясы 27.08.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп, білім алушының тәртіптік ережелері ұсынылмады. Мектеп жарғысы жоқ.
- «Сардар бастауыш білім беру мектебі» ЖШС Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Сәттар Ерубаев көшесі,1А орналасқан. Қазіргі таңда, жұмысын уақытша тоқтатқан.
- «АҚ ОРДА интеллектуалды бастауыш мектебі» ЖШС Сауран ауданы, Еңбекші Диқан ауылы, Шобанақ көшесі, 21А орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша, Bilimclass бойынша -70. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ44LAM00006197 лицензиясы 13.06.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп, білім алушының тәртіптік ережелері, мектеп жарғысы бар. Сабақ кестесі бекітілген.
- «ДАРА БАЛА бастауыш мектеп балабақшасы» ЖШС Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, Бабайқорған көшесі, 33А орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша, Bilimclass бойынша - 86. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ37LAM00005838 лицензиясы 12.06.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп, білім алушының тәртіптік ережелері, мектеп жарғысы бар. Сабақ кестесі бекітілген.
- «Жасмин бастауыш мектеп – балабақша кешені» ЖШС Сауран ауданы, Қарашық ауылы, Қазыбек Би көшесі, 1 орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша, Bilimclass бойынша -76. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ26LAM00006230 лицензиясы 13.06.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп, білім алушының тәртіптік ережелері, мектеп жарғысы бар. Сабақ кестесі бекітілген.
- «Қ.Бегманов атындағы мектеп-гимназия және бөбекжайбалабақша» ЖШС Сауран ауданы, Молда мұса 3 көшесінде орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша, Bilimclass бойынша -60. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ60LAM00006006 лицензиясы 13.06.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп, білім алушының тәртіптік ережелері, мектеп жарғысы бар. Сабақ кестесі бекітілген.
- «Ыбырай Алтынсарин көшбасшылар мектебі №1» ЖШС Түркістан қаласы, Егеменді көшесі, 18 орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша -144, Bilimclass бойынша - 142. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ60LAM00006006 лицензиясы 13.06.2025 күнімен берілген.
- «АЛТЫН ҰРПАҚ» бастауыш мектеп бөбекжай балбақшасы ЖШС Түркістан қаласы, Юсупов 45/2 орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша, Bilimclass бойынша -74. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ79LAM00005567 лицензиясы 11.06.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп, білім алушының тәртіптік ережелерін ұсынылмады.
- «Жұмакүл Маханбетова атындағы мектеп – гимназия және бөбекжайбалабақша» ЖШС Түркістан қаласы, Есет Батыр көшесі, 41 орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша, Bilimclass бойынша -78. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ29LAM00006370 лицензиясы 16.06.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережесін, білім алушының тәртіптік ережесін ұсына алмады.
- «Dana bala mektebi» ЖШС Түркістан қаласы, Жүсіп Усманов көшесі, 100 орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша -74 , Bilimclass бойынша -73. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ40LAM00008694 лицензиясы 09.07.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережесі бар, алайда бекітілмеген. Сабақ кестесі бекітілген.
- «Gajap mektep» ЖШС Түркістан облысы, Түркістан қаласы, 22 Наурыз көшесі, 2Б орналасқан.Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша, Bilimclass бойынша -99. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ66LAM00005704 лицензиясы 11.06.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережесі мен мектеп жарғысы бар, сабақ кестесі бекітілген.
- «Қайсар дарынды балаларға арналған мектеп-интернат» ЖШС Түркістан қаласы, Т.Нышанов көшесі, 2А орналасқан. Қазіргі таңда, жұмысын уақытша тоқтатқан.
- «Жас дарын көшбасшылар мектебі» ЖШС Түркістан қаласы, Алмалы көшесі, 109 орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша, Bilimclass бойынша -51. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ77LAM00005700 лицензиясы 11.06.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережесі мен мектеп жарғысы ұсынылмады.
- «K.B. GULISTAN» ЖШС Мақтаарал ауданы, Гүлістан ауылы, Д.Хайдаров көшесі, 29 орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша, Bilimclass бойынша - 129. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ92LAM00008825 лицензиясы 23.07.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп, білім алушының тәртіптік ережелері, мектеп жарғысы бар. Сабақ кестесі бекітілген.
- «Атакент зияткерлік мектебі» ЖШС Мақтаарал ауданы, Өркениет ауылы, Ж.Ибраев көшесі,17Б орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша, Bilimclass бойынша - 129. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ39LAM00007257 лицензиясы 20.06.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп, білім алушының тәртіптік ережелері, мектеп жарғысы бар. Сабақ кестесі бекітілген.
- «№1 Зерделеу мектебі» ЖШС Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, Жастар көшесі, 21Б орналасқан. Білім алушылардың жалпы саны ҰБДҚ бойынша, Bilimclass бойынша - 17. Білім беру қызметін жүргізу құқығына KZ51LAM00006944 лицензиясы 18.06.2025 күнімен берілген. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп, білім алушының тәртіптік ережелері, мектеп жарғысы бар. Сабақ кестесі бекітілген.
ІІ. ІС-ҚҰЖАТТАР ЖҮРГІЗІЛУІ
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы №50 «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы»бұйрығына сәйкес мектеп құжаттары зерделенді.
Тексеру барысында, «Нұр - Орда бастауыш мектебі», «АҚ ОРДА интеллектуалды бастауыш мектебі»,«№1 Зерделеу мектебі», «K.B. GULISTAN»,«Интеллектуал Мектебі», «School leader», «Дүйсенов Айтбай атындағы зияткерлік мектебі», «SIRIUS жеке мектебі», «М& Керейхан SMART Мектебі», «BekMus бастауыш мектебі», «Болашақ Көшбасшы» жекеменшік білім беру ұйымдары №50 бұйрықта бекітілген номенклатураға сәйкес келмейтіні анықталды.
- Мониторинг жүргізілген барлық жекеменшік мектептерде ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығы талаптарының ішінара сақталмағаны анықталды.
- Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерделенді.
«Жас дарын көшбасшылар мектебі»,«Dana bala mektebi»,«Ыбырай Алтынсарин көшбасшылар мектебі №1», «ДАРА БАЛА бастауыш мектеп балабақшасы», «Өркен бастауыш мектебі», «Мардан-001 бастауыш мектебі», «TAYMAS-I», «АҚ ОРДА интеллектуалды бастауыш мектебі»,«K.B. GULISTAN»,«SIRIUS жеке мектебі», «М& Керейхан SMART Мектебі», «Болашақ Көшбасшы», «Дүйсенов Айтбай атындағы зияткерлік мектебі», «BekMus бастауыш мектебі» білім беру ұйымдарының электронды журнал Bilimclass-ты тексеру нәтижесінде №125 бұйрық талаптарының сақталмағаны анықталды.
Атап айтқанда, білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүйелі түрде жүргізілмегені, бағалардың уақтылы қойылмағаны, бір күнде 3-тен көп тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ), бір пәннен 3-тен көп ТЖБ қойылған және ТЖБ тоқсанның соңғы күніне қойылған.
- Білім беру ұйымында педагогикалық әдеп нормалары ҚР БҒМ 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен сәйкестігі тексерілді.
Мониторинг жүргізілген барлық жекеменшік мектептерде педагогтер аталған бұйрық талаптарымен таныстырылмағаны, әдеп жөніндегі кеңес қызметі ұйымдастырылмағанынемесе хаттамалар жүйелі жүргізбеуі бойынша кемшіліктер анықталды.
- Тексеру барысында педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының ҚР БҒМ -нің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы талаптарына сәйкестігі зерделенді.
Мониторинг жүргізілген барлық жекеменшік мектептердегі педагогтердің басым бөлігінде аттестациядан өтпеуі, біліктілік санаттарының болмауы және олардың атқаратын лауазымына сәйкес еместігі анықталды.
- ҚРОқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шілдедегі №224 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы»бұйрығының талаптарына сәйкес штаттық кестені«School leader», «Интеллектуал Мектебі»,«№1 Зерделеу мектебі», «Нұр - Орда бастауыш мектебі»,«TURAN зияткерлік мектебі»,«BekMus бастауыш мектебі», «Дүйсенов Айтбай атындағы зияткерлік мектебі», «Болашақ Көшбасшы»,«Жас дарын көшбасшылар мектебі»,«Жұмакүл Маханбетова атындағы мектеп – гимназия және бөбекжайбалабақша»,«Ыбырай Алтынсарин көшбасшылар мектебі №1», «ДАРА БАЛА бастауыш мектеп балабақшасы», «Өркен бастауыш мектебі», «Мардан -001 бастауыш мектебі», «TAYMAS-I», «Асық ата «Дарын»,«K.B. GULISTAN»,«SIRIUS жеке мектебі», «М& Керейхан SMART Мектебі», «Қ. Бегманов атындағы мектеп – гимназия және бөбекжайбалабақша»,«Dana bala mektebi»,«Gajap mektep»мектептері ұсынбады.
- ҚРБҒМ2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен бекітілген мектептіңДамубағдарламалары, мектепішілік бақылау жоспарлары, ағымдағы оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарлары зерделенді.Зерделеу барысындамониторинг жүргізілген барлық жекеменшік мектептерде№130 бұйрық талаптарының толық көлемде сақталмағаны анықталды.
Атап айтқанда, даму бағдарламалары, мектепішілік бақылау жоспарлары, ағымдағы оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарлары әзірленіп, бекітілген. Соған сәйкес тиісті бұйрықтар, іс-шаралар жоспарлары бекітілген, алайда орындалуға тиіс іс шаралар орындалмаған.
- Педагогтердің еңбекақысын есептеуҚРБҒМ2020 жылғы 11 мамырдағы №191 «Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық талаптарына сәйкес тиісті құжаттарды «Интеллектуал Мектебі», «School leader», «Нұр - Орда бастауыш мектебі», «BekMus бастауыш мектебі», «Дүйсенов Айтбай атындағы зияткерлік мектебі», «Болашақ Көшбасшы», «Жас дарын көшбасшылар мектебі», «Ыбырай Алтынсарин көшбасшылар мектебі №1», «ДАРА БАЛА бастауыш мектеп балабақшасы», «Өркен бастауыш мектебі», «Мардан -001 бастауыш мектебі», «Асық ата «Дарын», «K.B. GULISTAN», «SIRIUS жеке мектебі», «М& Керейхан SMART Мектебі»,«№9 Айзере орта мектебі»,«АЛТЫН ҰРПАҚ» білім беру ұйымдары ұсынбады.
- ҚРБҒМ2008 жылғы 16 мамырдағы №272«Педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерделенді.
Педагогикалық кеңестің құрамы, сайлану тәртібі, жұмыс жоспары, отырыстарды өткізу жиілігі, хаттамалардың жүргізілуі және қабылданған шешімдердің орындалуында жекелеген кемшіліктер «Интеллектуал Мектебі»,«School leader»,«Нұр - Орда бастауыш мектебі»,«BekMus бастауыш мектебі»,«Дүйсенов Айтбай атындағы зияткерлік мектебі», «Болашақ Көшбасшы»,«Жас дарын көшбасшылар мектебі»,«Ыбырай Алтынсарин көшбасшылар мектебі №1», «ДАРА БАЛА бастауыш мектеп балабақшасы»,«Өркен бастауыш мектебі», «Мардан -001 бастауыш мектебі»,«K.B. GULISTAN»,«SIRIUS жеке мектебі», «М& Керейхан SMART Мектебі»,«Dana bala mektebi»,«Жасмин бастауыш мектеп – балабақша кешені»,«Атакент зияткерлік мектебі»,«АҚ ОРДА интеллектуалды бастауыш мектебі»,«№1 Зерделеу мектебі», «АЛТЫН ҰРПАҚ» мектептерінде анықталды.
ІІІ. БІЛІМ АЛУШЫЛАР КОНТИНГЕНТІ
- Мониторинг жүргізілген барлық жекеменшік мектептерде тексеру барысындаоқушыларды қабылдау кезінде міндетті құжаттардың толық пакеті(өтініш, туу туралы куәлік, медициналық анықтамалар және т.б.) рәсімделмеген немесе жеке істерге толық тігілмеген. Электрондық жүйеде тіркелген деректер мен мектептегі қабылдау құжаттары арасында сәйкессіздіктер анықталды. ҚРБҒМ10.2018 жылғы №564 бұйрығы
- ҚРБҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары талаптарының сақталмауы«М& Керейхан SMART Мектебі», «SIRIUS жеке мектебі», «Мардан -001 бастауыш мектебі», «Өркен бастауыш мектебі», «ДАРА БАЛА бастауыш мектеп балабақшасы», «Дүйсенов Айтбай атындағы зияткерлік мектебі», «BekMus бастауыш мектебі» жекеменшік білім беру ұйымдарында анықталды.
- «М& Керейхан SMART Мектебі», «SIRIUS жеке мектебі», «Мардан -001 бастауыш мектебі», «Өркен бастауыш мектебі», «ДАРА БАЛА бастауыш мектеп балабақшасы», «Дүйсенов Айтбай атындағы зияткерлік мектебі», «BekMus бастауыш мектебі», «School leader», «Болашақ Көшбасшы», «Gajap mektep», «Асық ата «Дарын», «TURAN зияткерлік мектебі» жекеменшік білім беру ұйымдарында ҚРБҒМ№348 бұйрығындабелгіленген талаптарға сәйкес жоспарланбаған.
ІV. МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗА
- Мектеп ғимаратын үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активін және материалдық-техниалық базасын және білім беру қызметін «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 24.11.2022 жылғы № 473бұйрығының талаптарына сай болуы;
«Алтын ұрпақ» бастауыш мектеп бөбекжай балабақшасы" ЖШС-і ҰББДҚ-да көрсетілген бірқатар нәрселер ғимаратта жоқ, бөлек дәретхана бар, су газбен жылиды. «Ғажап» бастауыш мектеп ЖШС-і талапқа сай емес. «Dana bala metebi» ЖШС-і талапқа сәйкес емес, кітапхана жоқ, турникет жоқ, материалдық техникалық базамен қамтылмаған. Жұмакүл Маханбетова мектеп-гимназия ЖШС-і ҰБДҚ-да мәліметтер іс-жүзінде сәйкес емес. Жетісай ауданы «Асық ата «дарын» бастауыш мектебі ЖШС-і талаптарға сай емес. Мақтарал ауданы «№1 Зерделеу» мектебі ЖШС-і, «Атакент зияткерлік мектеп ЖШС-і толық сәйкестендіруді қажет етеді. Сауран ауданы «А.Қ Орда» интелектуалды бастауыш мектеп ЖШС- і СЭС қорытынды құжатында көрсетілген мәліметке сәйкес келмейді. Сайрам ауданы «М&Керейхан SMART» мектеп ЖШС-і №473 бұйрықтың талаптарына сәйкес келмейді. Ордабасы ауданы «Мардан-001» бастауыш мектеп ЖШС-і талаптарға сәйкес келмейді. медициналық қызмет көрсету кабинеті №473 бұйрықтың талаптарына сәйкес келмейді. Қазығұр ауданы Дүйсен Айтбай зияткерлік мектеп ЖШС-і №473 бұйрықтың талаптарына сәйкес келмейді. Арыс қаласы «BekMus» бастауыш мектеп ЖШС-і СЭС қорытындысынан қайта өтуі қажет етеді. Шардара ауданы «Нұр-Орда» бастауыш мектеп ЖШС-і №473 бұйрықтың талаптарына сәйкес келмейді. Түркістан қаласы «Жас дарын» көшбасшылар мектеп ЖШС-і №473 бұйрықтың талаптарына сәйкес келмейді. Жетісай ауданы School Leader бастауыш мектеп ЖШС-і №473 бұйрықтың талаптарына сәйкес келмейді.
- Оқу, көркем және ғылыми әдебиет қорының болуы туралы: Түркістан қаласы «Алтын ұрпақ» бастауыш мектеп бөбекжай балабақшасы» ЖШС-і кітапхана жоқ, оқу құралдары 750. «Ғажап» бастауыш мектеп ЖШС-і кітапхана жоқ талапқа сай емес. Жетісай ауданы «Асық ата «дарын» бастауыш мектебі ЖШС-і жоқ сәйкес келмейді. «TURAN» зияткерлік мектебі ЖШС-і жоқ сәйкес келмейді, толықтыруды қажет етеді. «TAYMAS-I» зияткерлік бастауыш мектеп ЖШС-і көркем әдебиет қоры жоқ. Сауран ауданы «Жасмин» бастауыш мектеп ЖШС-і кітапхана жоқ, көркем әдебиет жоқ. Сауран ауданы «А.Қ Орда» интелектуалды бастауыш мектеп ЖШС-і көркем әдебиет кітап қоры жоқ. Сауран ауданы «Дара бала» бастауыш мектеп ЖШС-і кітапхана жоқ, әдеби кітап қоры жоқ. Ордабасы ауданы «Мардан-001» бастауыш мектеп ЖШС-і әдеби кітап қоры жоқ. Шардара ауданы «Нұр-Орда» бастауыш мектеп ЖШС-і кітапхана бар, кітап қоры жоқ.
Жалпы көптеген жекеменшік мектептер мемлекеттік мектептердің оқулық кітаптарымен қамтылған.
- Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 14 наурыздағы № 37 бұйрығы. Түркістан қаласы «Алтын ұрпақ» бастауыш мектеп бөбекжай балабақшасы" ЖШС-і медициналық қызмет көрсету кабинеті бар. «Dana bala metebi» ЖШС-і мед лицензия жоқ. Жетісай ауданы «Асық ата «Дарын» бастауыш мектебі ЖШС-і медициналық қызмет көрсету кабинеті сәйкес келмейді, лицензиясы жоқ. «TURAN» зияткерлік мектебі ЖШС-і медициналық қызмет көрсету кабинеті жоқ, лицензиясы жоқ. Жетісай ауданы «Интелектуалды мектеп» ЖШС-і медициналық қызмет көрсету кабинеті талапқа сәйкес келмейді. Төлеби ауданы №9 Айзере бастауыш мектебі ЖШС-і медициналық қызмет көрсету кабинеті бар, медицина қызметкері жоқ. Ордабасы ауданы «Өркен» бастауыш мектеп ЖШС-і медициналық қызмет көрсету кабинеті бар, талапқа сәйкес келмейді. Арыс қаласы «BekMus» бастауыш мектеп ЖШС-і медициналық кабинет бар, лицензияланбаған. Шардара ауданы «Нұр-Орда» бастауыш мектеп ЖШС-і мед кабинет бар,талапқа сәйкес емес.
- «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР ІІМ 23.01.2019 жылғы № 49 және ҚР БжҒМ 23.01.2019 жылғы № 32 бірлескен бұйрығы талаптарына сәйкес болуы. Жетісай ауданы «TAYMAS-I» зияткерлік бастауыш мектеп ЖШС-і қамтылған, жұмыс жасайды, саны мектеп ғимаратын толық көрсетуге сәйкес келмейді. Ордабасы ауданы «Мардан-001» бастауыш мектеп ЖШС-і толық қамтылмаған. Арыс қаласы «BekMus» бастауыш мектеп ЖШС-і ЦОУ-ға қосылмаған. Жетісай ауданы «Интелектуалды мектеп» ЖШС-і бейне камералармен камтылған, жұмыс жасамайды, талап сәйкес келмейді.
- Мектептің спорттық инфрақұрылымының жай-күйі санитарлық нормалар мен талаптарға сәйкестендірілуі, спорт алаңдары базасының дамуын қамтамасыз ету және мектептердің спорттық жабдықтарының арттырылуы.
Дене шынықтыру педагогтарының сабақтан тыс спорт секцияларын өткізуіне автоматты бақылауды қамтамасыз ету бойынша қосымша білім беретін мектеп Педагогының жұмысы; Түркістан қаласы «Алтын ұрпақ» бастауыш мектеп бөбекжай балабақшасы» ЖШС-і спорт зал жоқ, Турникет жұмыс жасамайды, кабинеттер жабдықталмаған. «Ғажап» бастауыш мектеп ЖШС-і спорт зал жоқ, денешынықтыру пәні сабақ кестесіне сәйкес өтілмейді. Жұмакүл Маханбетова мектеп-гимназия ЖШС-і спорт зал жоқ. «Dana bala metebi» ЖШС-і спорт зал талапқа сай емес. Түркістан қаласы «Жас дарын» көшбасшылар мектеп ЖШС-і спорт залы талапқа сәйкес келмейді. Жетісай ауданы «Асық ата «дарын» бастауыш мектебі ЖШС-і спорта залы талапқа сәйкес емес. «TURAN» зияткерлік мектебі ЖШС-і спорт зал талапқа сай емес. «TAYMAS-I» зияткерлік бастауыш мектеп ЖШС-і спорт зал жоқ, жаңа ғимарат құрылысы жүруде. Сауран ауданы «Қ.Бегманов мектеп-гимназия ЖШС-і спорт зал талапқа сай емес, ғимараттың жертөлесінде орналасқан. Сауран ауданы «Жасмин» бастауыш мектеп ЖШС-і спорт зал талапқа сай емес. Сауран ауданы «А.Қ Орда» интелектуалды бастауыш мектеп ЖШС-і спорт зал жоқ, талапқа сай емес. Арыс қаласы «Болашақ көшбасшы» ЖШС-і спорт зал бөлек ғимаратта орналасқан, талапқа сай емес, қосымша білім беру педагог жұмысы ұсынылмады. Мақтарал ауданы «№1 Зерделеу» мектебі ЖШС-і талапқа сәйкес емес, «Атакент зияткерлік мектеп ЖШС-і спорт зал жоқ, талапқа сәйкес емес. Сайрам ауданы «М&Керейхан SMART» мектеп ЖШС-і спорт зал талапқа сәйкес келмейді. Ордабасы ауданы «Мардан-001» бастауыш мектеп ЖШС-і спорт зал жабдықталмаған. Ордабасы ауданы «Өркен» бастауыш мектеп ЖШС-і спорт зал талапқа сәйкес келмейді. Қазығұрт ауданы Дүйсен Айтбай зияткерлік мектеп ЖШС-і СЭС берген қорытындысын қайта қарауға талап етіледі. Арыс қаласы «BekMus» бастауыш мектеп ЖШС-і спорт залы бар, талапқа сәйкес емес. Шардара ауданы «Нұр-Орда» бастауыш мектеп ЖШС-і спорт залы бар, талапқа сай емес. Жетісай ауданы «Интелектуалды мектеп» ЖШС-і СЭС берген қорытындысын қайта қарауға талап етіледі. Жетісай ауданы School Leader бастауыш мектеп ЖШС-і СЭС берген қорытындыға ғимарат жағдайындағы мәліметтер сәйкес емес, СЭС тен қайта өтуді талап етеді, спорт зал талапқа сәйкес емес.
- ҚРБҒМ2016 жылғы 22 қаңтардағы №70«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес кабинеттердің жабдықталуы:
Сауран ауданы «Жасмин» бастауыш мектеп ЖШС-і оқу кабинеттері толық жабдықталмаған, информатика кабинеті жоқ. Сайрам ауданы «М&Керейхан SMART» мектеп ЖШС-і №70 бұйрық тізбесіне сәйкес келмейді. «Sirius» мектеп ЖШС-і №70 бұйрық тізбесіне сәйкес келмейді. Ордабасы ауданы «Өркен» бастауыш мектеп ЖШС-і №70 бұйрық тізбесіне сәйкес келмейді. Қазығұрт ауданы Дүйсен Айтбай зияткерлік мектеп ЖШС-і №70 бұйрық тізбесіне сәйкес келмейді. Шардара ауданы «Нұр-Орда» бастауыш мектеп ЖШС-і оқу кабинеттері көркем жабдықталмаған. Жетісай ауданы «Интелектуалды мектеп» ЖШС-і №70 бұйрық тізбесіне сәйкес келмейді. Түркістан қаласы «Жас дарын» көшбасшылар мектеп ЖШС-і №70 бұйрық тізбесіне сәйкес келмейді.
- ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕС ЖҰМЫСТАРЫ
(құқықбұзушылықтың алдын алу)
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» білім беру ұйымдарында іске асырылуы және психологиялық қызметтіңҚРБҒМ№377 бұйрығынасәйкес«АЛТЫН ҰРПАҚ», «Dana bala mektebi»,«Ыбырай Алтынсарин көшбасшылар мектебі №1», «Жас дарын көшбасшылар мектебі», «Жұмакүл Маханбетова атындағы мектеп – гимназия және бөбекжайбалабақша»білім беру ұйымдары тиісті құжаттарыұсынбады.
«Асық ата «Дарын», «Gajap mektep», «АҚ ОРДА интеллектуалды бастауыш мектебі», «Жасмин бастауыш мектеп – балабақша кешені», «Интеллектуал Мектебі», «Мардан-001 бастауыш мектебі», «Өркен бастауыш мектебі» мектептерінде ағымдағы оқу жылына арналған жоспарлары әзірленіп, бекітілген.Алайда,атқарылған іс-шаралар бойынша дәлелді құжаттар ұсынылмады.
«Нұр-Орда бастауыш мектебі», «SIRIUS жеке мектебі»,«№1 Зерделеу мектебі», «K.B. GULISTAN», «ДАРА БАЛА бастауыш мектеп балабақшасы»мектептеріндегі жоспарда ішінара қателіктерге сәйкес, өзгерістер мен толықтырулар қажет етіледі.
- Білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырылуы(Үйірмелерде, клубтарда, секцияларда оқушылардың, әсіресе тәрбиеленуі қиын балалардың қамтылуы. Үйірме жұмысының нәтижелілігі, ҰБДҚ енгізілуі);
«Болашақ Көшбасшы», «АҚ ОРДА интеллектуалды бастауыш мектебі», «Жасмин бастауыш мектеп – балабақша кешені», «Dana bala mektebi», «Жас дарын көшбасшылар мектебі», «Нұр - Орда бастауыш мектебі», «Қ. Бегманов атындағы мектеп – гимназия және бөбекжайбалабақша» білім беру ұйымдары оқу жоспарлары мен бағдарламалары жеткіліксіз.
- Құқықбұзушылыққа бейім оқушыларды мектепшілік есепке алу, олармен жұмыс жоспарларын әзірлеу, бекіту және орындалуын жүйелі түрде қамтамасыз ету.
«Алтын ұрпақ» ЖШС Бастауыш мектебінің құжаттары ұсынылмады. Жұпаркүл Маханбетова атындағы мектеп-гимназияның документтері ұсынылмады. «Ы.Алтынсарин көшбасшылар мектебі құжаттар ұсынылмады.
Комиссия шешімі:
1.Жоғарыда көрсетілген жекеменшік білім беру ұйымдарындағы кемшіліктер бойынша мониторинг жүргізілу кезінде акт түзіліп, кемшіліктерді түзетуге төмендегідей мерзім берілген.
Ауданы |
БСН |
Мектеп атауы |
Кемшілік түзетуге берілген мерзім |
Жетісай ауданы |
210840024574 |
«Асық ата «Дарын» Бастауышмектебі» ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Жетісай ауданы |
210240001642 |
«Интеллектуал Мектебі» ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Жетісай ауданы |
200640012723 |
«School leader» ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Жетісай ауданы |
210640038943 |
«TAYMAS-I» ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Жетісай ауданы |
210740010500 |
«TURAN зияткерлік мектебі» ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Мақтаарал ауданы |
221240000916 |
«K.B. GULISTAN» ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Мақтаарал ауданы |
210240031604 |
«Атакентзияткерлік мектебі» ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Мақтаарал ауданы |
210140030503 |
«№1 Зерделеу мектебі» ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Шардара қаласы |
230740005924 |
«Нұр – Орда бастауыш мектебі»ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Қазығұрт ауданы |
240140011097 |
«Дүйсенов Айтбай атындағы зияткерлік мектебі» ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Төлеби ауданы |
190240022986 |
«№9 Айзере орта мектебі» ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Сайрам ауданы |
231040008123 |
«SIRIUS жеке мектебі» ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Сайрам ауданы |
201140006819 |
«M& Керейхан SMART мектебі»ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Арыс қаласы |
220640002328 |
«BekMus бастауыш мектебі» ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Арыс қаласы |
240540005354 |
«Болашақ Көшбасшы» ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Ордабасы ауданы |
230340022058 |
«Мардан -001 бастауыш мектебі»ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Ордабасы ауданы |
230540002764 |
«Өркен бастауыш мектебі»ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Отырар ауданы |
230140014248 |
«Сардар бастауыш білім беру мектебі»ЖШС |
Уақытша жабылған |
Сауран ауданы |
230140006712 |
«АҚ ОРДА интеллектуалды бастауыш мектебі» ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Сауран ауданы |
220840027243 |
«ДАРА БАЛА бастауыш мектеп балабақшасы»ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Сауран ауданы |
190540004057 |
«Жасмин бастауыш мектеп – балабақша кешені» ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Сауран ауданы |
210740008985 |
«Қ. Бегманов атындағы мектеп – гимназия және бөбекжай-балабақша»ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Түркістан қаласы |
231040025103 |
«Ыбырай Алтынсарин көшбасшылар мектебі №1»ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Түркістан қаласы |
180540036320 |
«АЛТЫН ҰРПАҚ» бастауыш мектеп бөбекжай балбақшасы ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Түркістан қаласы |
201240019715 |
Түркістан қаласы «Жұмакүл Маханбетова атындағы мектеп – гимназия және бөбекжай-балабақша»ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Түркістан қаласы |
211140027902 |
«Dana Balamektebi»ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Түркістан қаласы |
210840030707 |
«Gajapmektep» ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
Түркістан қаласы |
240540027157 |
«Қайсар дарынды балаларға арналған мектеп-интернат» ЖШС |
Уақытша жабылған |
Түркістан қаласы |
230840018226 |
«Жас дарын көшбасшылар мектебі» ЖШС |
2026 жылдың 26 қаңтарына дейін |
2. Жекеменшік білім беру ұйымдары берілген мерзімге дейін кемшіліктерді түзету жұмыстарын аяқтасын.
3. Кемшіліктерді түзеткен дәлелдеме құжаттардың электронды скандалған (PDF) нұсқасын берілген мерзімге дейін [email protected] электронды поштасына жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Ұсынылған құжаттар комиссия отырысында қайта қаралып, комиссия хаттамасымен 29 ұйымға қатысты тиісті шешім қабылдансын.