
21 наурыз күні сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін облыс әкімдігі алаңында қала өнерпаздарының қатысуымен «Жарқыра, жайна – Наурызым!» концерттік бағдарламасы және «Наурыз думан» мерекелік дискотекасы өтеді.
Концерт бағдарламасында Қостанай қаласының шығармашылық ұжымдары мен солистері, сондай-ақ бағдарламаның қонағы – жүргізуші, әнші, актер Асылан Кенжетай өнер көрсетеді.
Ұйымдастырушы: «Мирас» МС