
Жаңасемей ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және Шүлбі кенті әкімшілік қызметкерлерімен бірге Шүлбі кентінде көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен балалардың терезеден құлауы салдарынан болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Аталған профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.
Жаңасемей ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!
‼️Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!
‼️Балалар бар пәтерлердің терезелеріне арнайы қорғаныс құралдарын орнатыңыздар!
‼️Терезелердің тұтқасын бала өз бетімен аша алмайтындай бекітіңіздер!
‼️Ешқашан да антимоскитті торларды қолданбаңыз – балалар оған сүйенеді де, сыртқа онымен бірге құлайды.
‼️Бала терезеге өздігінен шыға алмайтындай жиһаздың барлық түрлерін терезе жанынан алыстатып қойыңыздар!
☎️Оқиғалар орын алған жағдайда 101 немесе 112 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз