
🌿" Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Шүлбі кентінде сенбілік өтті. 🧹Бүгін 13 қыркүйек күні Шүлбі кентінде жалпы кенттік сенбілік ұйымдастырылды.Іс- шараға кент тұрғындары мен мемлекеттік мекемелер ұжымдары белсене атсалысты. 🧹Сенбілік барысында орталық саябақ пен балалар ойын алаңы қоқыстан тазартылды. ⚡Мұндай шаралар - кентіміздің тазалығын сақтап қана қоймай, әр тұрғынның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады. 🤝 Шүлбі кенті әкімдігі барлық қатысушыларға белсенділігі мен туған өлкенің көркеюіне қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді. 🌳Таза орта - жарқын болашақтың кепілі