
Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар кезінде авариялық құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде уәкілетті органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимыл алгоритмін пысықтау мақсатында Шүлбі кентінде кешенді қысқы оқу - жаттығулар өткізілді.
Оқу жаттығуға 60- қа жуық адам және 20 түрлі арнайы техника жұмылдырылды.