
✨ Бүгін Шүлбі кентінде Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлы Әбдікәрімовтың тапсырмасы бойынша тұрғындармен кездесу өтті. Кездесу Жаңасемей ауданы мәслихатының төрағасы Абильмажинов Ермек Төлегенұлының төрағалығымен, Жаңасемей ауданы прокуратурасының өкілі Жапар Дамир Ердәулетұлының, сондай-ақ Жаңасемей ауданы полиция бөлімінің бірінші орынбасары, полиция майоры Абылбаев Олжас Ерғазыұлы қатысуымен өтті.
Кездесу барысында аудан әкімімен өткен есеп беру кездесуінде тұрғындар көтерген мәселелер, сондай-ақ құқықтық тәртіп, заңдылықты қамтамасыз ету және құқықбұзушылық профилактикасы мәселелері қарастырылды.