
14 наурыз – Көрісу, Амал күні құтты болсын!
Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, қыстан аман шыққанына қуанып, ақжарма тілектерін айтып, құшақтасып амандасады. Үлкендерге құрмет көрсетіп, «Бір жасыңмен!» деп бата береді. Көрісу күні – татулық пен бірлікті, сыйластық пен мейірімді дәріптейтін ерекше дәстүрлі мереке.
Осы айтулы күнге орай Новобаженова ауылының клуб қызметкерлері Шүлбі кентінің әкімдігі мен клуб қызметкерлерін мерекемен құттықтап, Көрісу дәстүрінің игі тілектер айтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, молшылық тілейміз! Әр шаңыраққа береке, бірлік және қуаныш тілейміз!