
Шүлбі кентінің жас өнерпаздары Алматы қаласында өткен «Жас дарын» республикалық би байқауында топ жарып, Гран-при иегері атанды.
Жас бишілердің бұл жеңісі – табандылық пен тынымсыз еңбектің жемісі. Өнерпаздарды туған жерінде аудан өнерпаздары мен ата-аналар салтанатты түрде қарсы алып, қуаныштарын бөлісті. Қолдарына гүл ұстап, ыстық лебіздерін білдірген жиналған қауым жеңімпаздарға зор құрмет көрсетті.
Бұл жеңіс – тек өнерпаздардың ғана емес, бүкіл Шүлбі кентінің ортақ қуанышы. Жас таланттардың алар асуы әлі алда!