
✨ Бүгін кентімізде аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы мен кент әкімі Болатбек Ермұхаметұлы қатысуымен есеп беру кездесуі өтті.
✨ Кездесу барысында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар таныстырылды.
✨ Тұрғындар тарапынан жол жөндеу, абаттандыру және әлеуметтік мәселелер бойынша маңызды сұрақтар көтерілді.
✨ Барлық ұсыныстар назарға алынып, тиісті тапсырмалар берілді. Көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табады. Жұмыс жүйелі түрде жалғасады.