Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Алға аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Маржанбұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 369 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Маржанбұлақ ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 227 473 мың теңге:
салықтық түсімдер – 39 910 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 278 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 000 мың теңге;
арнаулы түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 185 285 мың теңге;
2) шығындар – 235 459,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 7 986,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 7 986,6 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 7 986,6 мың теңге.»;
көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Алға аудандық мәслихатының
төрағасы М.Тулеуов