
Шахтинск қаласының білім бөлімінің ұйымдастырумен қаламыздың білім беру ұйымдарының педагогтарын қолдау, үздік педагогтарды анықтау мақсатында 2021 жылдың 26 қазаны «Жыл мұғалімі - 2021» атты қалалық байқауын өткізетінін хабарлайды.
Байқауға Шахтинск қаласының мектеп мұғалімдері қатыса алады. Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2021 жылдың 8 қазанына дейін қабылданады. Байқау келесі бөлімдер арқылы өткізіледі:
1 бөлім – мектептегі пән бойынша сабақ.
2 бөлім – оқушылармен сабақтан тыс сабақтар.
3- бөлім – «Педагогтің визитті карточкасы» шығармашылық байқауы.
Байқау жеңімпаздары үш төрт жүлделі орын анықталады: Бас жүлде, 1 орын, 2 орын, 3 орын.