
2021 жылдың 2 -3 желтоқсан күндері Шахтинск қаласының орта білім беру ұйымдарының 2-11-сынып оқушылары арасында қазақ тілі сабағында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 30 жыл» тақырыбында диктант жазу өткізіледі.
Мақсаты – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім алушылардың мемлекеттік тілде жазу мәдениетін дамыту, сауаттылығын қалыптастыру, мәтін мазмұны арқылы ұлттық құндылықтарды білім алушылардың бойына сіңіре отырып, патриоттық тәрбие беру.
Міндеттері: білім алушылардың мемлекеттік тілді білуі мен сауаттылық деңгейін байқау және тілге деген құрметін арттыру; білім алушылардың мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру; мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру; білім алушылардың еліне, жеріне, отанына деген сүйіспеншілігі мен мақтанышын ояту.
Диктант бағаланбайды.