
"Жас тұлпар" ақын - оқушылар айтысы
Болашақ ұрпаққа айтыс өнерін жеткізу, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ағартушы - педагог, этнограф, фольклоршы Ы.Алтынсариннің мәдени мұрасын дәріптеу, өз ойын поэзия тілімен шебер жеткізе алатын оқушы ақындарды анықтау мақсатында «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ 2022 жылдың 25 қаңтары «Жас тұлпар» ақын - оқушылар айтысының қалалық кезеңін өткізеді.
«Жас тұлпар» ақын - оқушылар айтысына 7-11 сынып оқушылары қатыса алады. Айтысқа қатысуға өтінімді білім алатын білім беру ұйымы арқылы ұсынуға болады.
Ақындар айтысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Қалалық ақындар айтысының жеңімпаздары облыстық, аймақтық, республикалық оқушылар айтысына қатысуға ұсынылады.