
Шахтинск қаласының жалпы білім беретін мектептерінде 2022 жылдың 17-21 қаңтары аралығында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктерін анықтай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын, жеке, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры!» тақырыбында оқу сауаттылығы басталады.
Апталық жұмысы оқушылардың тіл, әдебиет сабағына деген қызығушылықтарын дамыту, орфографиялық сауаттылық деңгейін арттыру, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, оқушылардың сөздік қорын байыту, оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін жандандырып, жетілдіру болып табылады.
«ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры!» апталығына белсенді қатысуға шақырамыз.