
2022 жылдың 25 ақпанында Шахтинск өңірінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында Долинка кентінің жастарымен (соның ішінде NEET санаты бойынша) кездесу өтті.
Ашық пікір алмасу форматында жастар Шахтинск өңірінде жастарды мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндірмелер алды.
Салтанатты жиынды ашқан Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары – С.Б.Жаппаров бұл кездесуді өткізудің маңыздылығын айта келе, жастарды жұмыспен қамту, кентте волонтерлік қызметті дамыту мәселесіне назар аударды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Жасыл Ел» бағдарламаларын, Шахтинск қаласы әкімінің, Қарағанды облысы әкімінің гранттарын, сондай-ақ бизнесті одан әрі дамыту жоспарлары, Шахтинск қаласы жастарының ресурстық орталықтарының жұмысы туралы Шахтинск қаласы жастарының ресурстық орталығының басшысы – Ж. Хамитов, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, жастар тәжірибесінен өту, кәсіпкерлікті ашу және дамыту үшін мемлекеттік гранттар алу тәртібі туралы Шахтинск қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының маманы – И. Мажитова жиналғандарға әңгімелеп берді.
Өз кезегінде Шахтинск қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Әбдікәрімов М.С. жастарға Көкшетау қаласында орналасқан Азаматтық қорғау академиясына түсу мүмкіндіктерін, онда арнайы білім алуға және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі» мамандығын меңгеруге болатынын түсіндіріп, төтенше жағдайлар бөлімінің, осы құрылымда жұмыс істеудің тартымдылығы туралы айтып берді.
Жас кәсіпкерлер түсіндіргендей, Қарағанды облысы әкімінің, Шахтинск қаласы әкімінің грант иегерлері Мейрам М.М. және Цвинар И.И. мұндай кездесулердің өскелең ұрпаққа ақпараттық-құқықтық көмек көрсетуде маңызы зор. Жиынға еңбек сіңірген жаттықтырушылар мен спортшылар шақырылды.
Кездесу барысында жас қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар алды.
Бұл жұмыс одан әрі жалғасатын болады.