
Шахтинск қаласының білім бөлімімен 2022 жылдың 5 сәуірі жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында Мәшһүр - Жүсіп оқуларының қалалық кезеңі өтеді.
Мәшһүр – Жүсіп оқуларының мақсаттары – философ – ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармашылығында бейнеленген туған жерге деген сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпаққа тәрбиелеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Байқау 4 бағыт бойынша өткізіледі.
1 бағыт – «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген». Қатысушы ұсынылған тақырыптың бірін таңдап, өз өлеңін оқиды. Өлеңнің идеясы, тақырыбы ақын шығармаларымен үндес және өзектес болуы қажет.
2 бағыт – «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы». Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы көркем ой талғам мен түсінік, ұлттық танымның ерекшеліктерін, адамзат, ұлт руханиятындағы мәнімен сабақтастыра отырып, ғылыми зерттеу жоба әзірлеу және оны қорғау.
3 бағыт – «Білімді зерек адам болам!» - десең, қара өзіңді басқаның айнасымен. Ұлы баба шығармашылығындағы ойларды кеңейтіп, ұлт тарихымен, ұлттық әдебиет мазмұнымен байланыстырып, эссе жазу.
4 бағыт – «Мәшһүр – Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлт есімдері» Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлының фольклорлық жазбаларындағы ұлттың ұлы тұлғаларын сипаттау. Қатысушыға «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар», «Әнші ақындар», «Бақсы және тылсым күш иелері» жіктеулерінен бірін таңдап, қорғау ұсынылады.
Қатысуға өтінім жалпы білім беретін мектебі арқылы 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады.