Cіздің 2022 жылғы 25 сәуірдегі өтінішіңізге келксіні хабарлаймыз.
Мемлекеттік бағдарлама ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін әлеуметтік қолдауға бағытталған.
Мамандар деп төмендегі ұйымдардың түлектері түсініледі:
1) жоғары білім беру;
2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
3) техникалық және кәсіптік білім беру;
4) денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі білім.
Қарапайым тілмен айтқанда, бұл санатқа жоғары оқу орындарының түлектері, магистратура/интернатураны және басқа да «тураларды» бітірген адамдар, сондай - ақ аталған мамандықтар бойынша колледж түлектері кіреді.
Сондай-ақ, мемлекет көмектесуге дайын мамандарға аталған білімі бар, қалаларда және басқа да елді мекендерде тұратын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға ниет білдірген адамдар (тек түлектер ғана емес, сонымен бірге біздің Отанымыздың жетілген және саналы азаматтары) жатады. Яғни, тәжірибесі бар, қалалық кептелістерден шаршаған және ауыл балаларына білім бергісі келетін қалалық мұғалім де дипломмен ауылға бара алады.
Осылайша, егер Сіз денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы маман, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшісі болсаңыз, онда Сіз көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие ала аласыз.
Әлеуметтік қолдау шараларына жүгінген жағдайда және әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін бюджет қаражаты жеткіліксіз болған кезде әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткерлер қатарынан кезектілікті қалыптастыру жолымен әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мерзімдері тоқтатыла тұрады. Осыған байланысты әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мерзімдерін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберіледі
Әлеуметтік қолдау шараларын алуға кезекте тұрған алушылардың құжаттарын қайта қарау мерзімдерін көрсетілетін қызметті беруші белгілейді және бір жылдан аспайды.