Привилегии и права обладателей карты «Ата Жолы»
«Ата жолы» картасының иегері елге кірген кезде ұзарту құқығымен 10 жыл мерзімге тұруға ықтиярхат алады. «Ата жолы» картасының иегері: - медициналық мекемелерде кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде әлеуметтік төлемдер және қызмет көрсету; - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Халықтың көші-қоны туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жұмысқа орналасу; - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілеріне сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру; - «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік оқу орындарында, мемлекеттік арнаулы орта және/немесе жоғары оқу орындарында конкурстық негізде тегін орта білім, жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу; - «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу; - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының азаматтық саласындағы заңнамалық құқықтық актілеріне сәйкес жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу. «Ата жолы» картасы бар адамдардың құқықтары жоқ: - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға; - республикалық референдумға қатысу; - мемлекеттік қызметке кіруге. Сондай-ақ, «Ата жолы» картасының иесі Қазақстан Республикасының азаматтығын алған жағдайда картасы жарамсыз деп танылады.