«Қоғамдық бақылау туралы» заңға сәйкес қоғамдық бақылау объектілері, олар:
■ атқарушы мемлекеттік органдар мен жергілікті билік органдарына министрліктер, барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы және өкілді органдар (әкімдіктер мен мәслихаттар) кіреді.
▌Қоғамдық бақылау объектілеріне Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Агенттіктер, сондай-ақ «Қоғамдық бақылау туралы» заңның 3-бабының 2-тармағына сәйкес жауапты мемлекеттік органдар кірмейтінін есте ұстаған жөн.
■ мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерге білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, мектепке дейінгі ұйымдар, дене шынықтыру сауықтыру мекемелері мен мәдениет мекемелері, яғни өз қызметін бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ететін мекемелер жатады.
■ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар, ЖШС, акционерлік қоғамдар, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар.
▌Ұлттық басқарушы холдингтерде қоғамдық бақылау мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінген бөлігінде жүзеге асырылады.
■ дербес білім беру ұйымдары – Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын, құқықтық мәртебесі және қызметінің айрықша құқықтық режимі «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Заңда айқындалатын, мүшелігі болмайтын коммерциялық емес ұйым.
Оларға өңірлердегі Назарбаев Зияткерлік мектептері, сондай-ақ Назарбаев Университеті жатады.
■ орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар болып табылатын ұйымдар - мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік функцияларды орындау жүктелген коммерциялық емес ұйымдар.
Мысалы, арнайы әлеуметтік қызметтер, ЖШС (автомобильдерді техникалық байқау орталықтары және т.б.).