Егер азық-түлік дүкені әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан 15% артық көтерсе не істеу керек?
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес ішкі сауда субъектісі (иесі) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын жеткізу шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан 15% -дан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді. Сауда үстемесі 15% -дан асқан жағдайда сатып алушы тауар-жөнелту құжатын (жүкқұжатты), тауардың бағасын, сауда объектісінің (ЖК/ЖШС) атауын суретке түсіріп, осы ақпаратпен Бородулиха ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жүгіне алады. Егер сатушы әртүрлі сылтаумен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына сатып алу бағасын беруден бас тартса, онда сатушыға «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығының 15-тармағын еске салу қажет онда сатушы тауарларды сату кезінде тауарлардың белгіленген талаптарға сәйкестігін растау туралы ақпаратты сатып алушының назарына жеткізуге және тұтынушының талабы бойынша дайындаушы немесе өнім беруші (сатушы) ресімдеген тауар-ілеспе құжаттарды табыс етуге тиіс.