40 мыңнан астам ақмолалық ЭКСПО-ны тамашалады

    40 мыңнан астам ақмолалық ЭКСПО-ны тамашалады

    Ақмола облысының делегациясы Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесiнде болып қайтты. Делегация құрамында облыс əкiмiнiң орынбасарлары, аудан əкiмдерi мен энергетика мəселелерiне жетекшiлiк ететiн орынбасарлар мен мемлекеттiк қызметшiлер бар.

    Ақмолалықтар алдымен «Нұр Əлем» көрме кешенiн тамашалады. Содан соң Ресей, Германия, Франция жəне бiрқатар өзге елдердiң осы саланың жарқын жетiстiктерi сипатталатын көрмелердi аралап, энергия қуатының айтулы жаңалықтары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы, сондай-ақ, тұрмыстық қалдықтарды өңдеу техникалары тəрiздi күнделiктi өмiрде аса қажеттi дүниелердiң əлемдегi мойны озық үлгiлерiмен танысты.

    «Көрменi аралап көру барысында көп нəрсенi көңiлге түйдiк. Делегация мүшелерi тиiмдi жобалардан толайым ой түйiп, тəнтi болды. Əсiресе, бiздi энергия қуатының көздерi қызықтырды. Қоршаған ортаны ластамай, таза сақтау үшiн өндiрiстiк жəне тұрмыстық қалдықтарды өңдеу тəрiздi жаңа технологиялар аз емес. Мұның барлығы бiз үшiн өте қажеттi. Сондықтан алдағы уақытта өз өңiрiмiзде қолдану үшiн тереңiрек зерттеп бiлуге тиiстiмiз», — дедi Степногорск қаласының əкiмi Əнуар Күмпекеев.

    Уақыт бiр орнында тұрмайды. Алға жылжыған сайын кешегi жаңалық көнерiп, ескiруi мүмкiн. Сондықтан, жүйрiк уақыттың жалына жармасып, алға ұмтылған лəзiм.

    «Ел Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткiзiлiп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесiнiң пайдасы өте көп. Мен ең алдымен Қазақстанның осындай ауқымды шараны мiнсiз ұйымдастырғанын мақтаныш етемiн. Болашақтың энергиясы дегенiмiздiң өзi барша əлемнiң алға қарыштап басар қадамының қарымын нықтайтын серпiлiс. Ақмолалықтар көрмеге айырықша қызығушылық танытып отыр. Соңғы мәлiметтерге бойынша, бiздiң өңiрден 40 мыңнан астам адам көрмеге барып, көзайым болды», — дейдi облыс əкiмi аппаратының жетекшiсi Қанат Шөкенов.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.