
Қаржы министрлігі басшысының өңірге сапары "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру"атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелерін түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу шеңберінде өтті.
Ал Әлихан Смайылов Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәжілісіне қатысты, оған Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер, қазынашылық, ішкі мемлекеттік аудит, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің басшыларыда қатысты.
Министр өз сөзінде Мемлекет басшысының ҚР Мемлекеттік кіріс органдарының алдына қойған міндеттерін орындауға назар аударды.Жолдауда көрсетілген әлеуметтік бағдарламалардың орындалуына толық талдау жасады. Сонымен қатар, білім беру және денсаулық сақтау саласында қойылған стратегиялық міндеттерді шешу жолдарытуралы толық түсініктеме берді.
Баяндаушысондай-ақ Мемлекет басшысының ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру жөніндегі маңызды және уақтылы бастамасын жеке атап өтті. "Бұл шара еңбекке қабілетті халықтың едәуір бөлігінің әл - ауқатын арттыруға мүмкіндік береді", - деп түйіндеді Ә. Смайылов.
Ұлттық экономика өсуінің тағы бір маңызды факторларының бірі негізгі борышты төлеген жағдайда айыппұл мен өсімпұл сомаларын есептен шығару рәсімі болады.
"Мұндай акция бұрын да өткізілді, бұл бизнеске тұрақты әрі серпінді дамуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Елбасы қазіргі уақытта мемлекеттің тұрақты дамуының басты басымдықтарының бірі сапалы және Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті", - деді Қаржы министрлігінің басшысы.
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысыҚ. Исаков министрді ағымдағы жылдың 9 айындағы жұмыс нәтижелерін және 2018 жылдың соңына дейін қойылған міндеттер мен оларды шешу жолдары туралы хабардар етті.
Әлихан Смайылов сондай-ақ экономикалық тергеу қызметінің жұмысымен танысып, облыстың шаруашылық активімен кездесті.
Облыс әкімдігінің өкілдерімен кездесу барысында Қаржы министрі "Президенттің барлық бастамалары мемлекеттің басты құндылығы болып табылатын халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған", - деп атап өтті.
Мәселен, қатысушылардың бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысын ұлғайту туралы ақпаратты мақұлдауын тудырды.
Қаржы министрлігі басшысының пікірінше, мемлекет Басшысының ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру және сапалы әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бастамасы да маңызды және уақтылы болып табылады. "Бұл шаралар еңбекке қабілетті халықтың едәуір бөлігінің өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", - деп есептейді ол.
Қаржы министрі Ә. Смайылов кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

