Арыс қаласының жай-күйі туралы брифинг

    Арыс қаласының жай-күйі туралы брифинг
    Арыста төтенше жағдайдың салдарын жою бағытында атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар жөнінде кеңейтілген брифинг өтті. Брифинг спикерлері болып Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Жунусов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Алмасхан Тастамбеков, Арыс қаласы әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Ермиян Биятов, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергенов қатысты.
    34 Turkestan Brifing Arys 2 Өңірлік және БАҚ өкілдері қатысқан жиында Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Жунусов 24 маусымнан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, қазіргі таңда Арыстағы ахуалдың тұрақталғанын айтты.
    34 Turkestan Brifing Arys 3 Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев екі апта көлемінде Арыс қаласының әрбір тұрғынына 100 мың теңге беріле бастайтынын мәлімдеді.
    Сондай-ақ брифинг барысында жалған мәлімет таратқан үш азаматтың жауапқа тартылғанын атап өткен Алмасхан Тастамбеков тұрғындарға өтірік ақпарат беріп, елді дүрліктірмеуді сұранды.
    Түркістан облысы ТЖД
    ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.