
2019 жылғы 25-28 маусым күндері Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінен құралған комиссия «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» құтқарушыларының жедел даярлығы бойынша, оның ішінде дене шынықтыру, кәсіби дайындығы және авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтарын пайдалану дағдыларына тексеру жүргізді.
Комиссия құрамында, комиссия төрағасы – Азаматтық қорғаныс бөлімі бастығының міндетін атқарушы подполковник Ә.Қуандықов, комиссия төрағасының орынбасары - Азаматтық қорғаныс бөлімінің аға лейтенанты Ж.Жүгінісов, комиссия мүшелері – капитан А.Тоғызбаев, капитан Г.Қызылқожаев және Қазалы ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.Қалиев жедел құтқару жасағы құтқарушыларының авариялық-құтқару жұмыстарына әзірлік деңгейін анықтау үшін сынақ қабылдады.
Құтқарушылар биік объектілерде құтқару жұмыстарын жүргізу, химиялық апатты объектілерде жұмыс жүргізу, суда құтқару жұмыстары, авариялық-құтқару құралдарын пайдаланып автокөліктен және қиранды үйінділер астынан зардап шегушіні құтқару жұмыстары бойынша дайындықтарын көрсетті.

















