
Қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүрген тұрғындарды анықтау, оларға суға шомылу маусымы кезеңінде жүріс-тұрыс қағидаларын үйрету мақсатында, «Жайық өзені» бойында, қаладағы жабайы жағажайларда, пирстарда, қауіпті аймақтарда, атап айтқанда сағат 14:00-ден 20:00-ге дейін рейдтер жүргізіледі:
1) Балықшы көпірінен Жилгородок көпіріне дейін
2) Жилгородок көпірінен Орталық көпірге дейін
3) Орталық көпірден Алиев көпіріне дейін
4) Алиев көпірінен айналмалы көпірге дейін (объездной мост) күн сайын 2 құтқарушыдан моторлы қайық арқылы патрульдеу жұмыстарын жүргізіп, белгіленген төңіреңікте бекетте тұрады.Сонымен қатар, УАЗ автокөлігі арқылы жедел кезекшілер айналмалы көпір тұсын күнделікті бақылап отырады.
2018 жылдың суға түсу маусымы кезеңінде 18 адам суға батып кетті (7 бала, 11 ер адам).
Құтқарушылардың ескертпелері, судағы қайғылы оқиғалар туралы ақпараттар тұрғындарды тоқтатар емес, адамдар қайтадан сол жабайы жағажай маңына демалалуға барады.
«Рұқсат етілмеген жерлерге суға шомылуды адамдар бәрібір қоймайды, осындай күнделікті рейдтердің пайдасы тиіп, ең болмағанда біреуі түсінер, екінші біреулерді төтенше жағдайлардан сақтап қалар деп үміттенеміз. Әсіресе балалар - басты назарда. Құтқарушылар күн сайын сағат 14.00 ден 22.00 дейін рейд жүргізеді. Жалпы қалалық жабдықталған жағажайларға күніне 300 ге жуық дамылушы келеді, демалыс күндері демалушылар саны екі есе артады. Қала бойынша анықталған 15 «жабайы жағажай» бар екенін еске сала кетейік, рейд барысында сол әр бір жабайы жағажайда 10 адамнан 50 адамға дейін кездеседі. Құтқарушылардың «Бұл жерге түсуге болмайды» деген ескертуіне, тұрғындар сескене қарап, «Мен бұл жерде бала кезімнен бері суға түсіп келем», «Күн ыссы», «Жағажай алыста» деп сылтауратады, - дейді жасақтың сүңгуір-құтқару бөлімшесінің басшысы Е. Бралиев.
Құтқарушылар тұрғындарға суға мас күйде түспеуді, рұқсат етілмеген жерлерге түспеуді, балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.






