Ақмола облысында Біржан сал ауданда өрт сөндіру бекеті ашылды

    Ақмола облысында Біржан сал ауданда өрт сөндіру бекеті ашылды
    Ағымдағы жылғы 3 шілдеде Астана күнін мерекелеу қарсаңында салтанатты түрде Біржан сал ауданының Аңғал батыр ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды, ол өз жұмысын «Өрт сөндіруші» АҚ-мен келісім-шарт бойынша жүзеге асырады. Өрт сөндіру бекеті Аңғал батыр ауылдық округінің 3 елді мекенінде өртке қарсы ккүресті қамтамасыз етеді.
    Жаңа өрт сөндіру бекеттерінің салтанатты ашылуын Ақмола облысы ТЖ Департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.Қ.Шапағатов, Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Е.Т.Сабыров және Ақмола облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының директоры А.А.Оразалиннің қатысуымен өткізілді.
    35 Aqmola Post 2 Дайындық іс-шаралары кезінде «Өрт сөндіруші» АҚ күшімен ғимаратқа жөңдеу жүргізілді, шатыры ауыстырылды, жаңа қақпалар орнатылды, жылыту жүйесі жөнделді.
    Өрт сөндіру бекеті жылытылатын гаражбен қамтамасыз етілген, телефон байланысы жұмыс істейді. Өрт орындарына АЦ-40(130) 63Б өрт сөндіру автомобилі дайын тұр, ол Степняк қ. 21-ӨСБ балансынан жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілген. Тәулік бойы кезекшілікке 4 адамнан тұратын күзет орнының жеке құрамы түседі.
    35 Aqmola Post 3 Ауыл тұрғындары осы бекеттің салтанатты ашылуына үлкен ризашылықпен келді. Жаңадан құрылған команда өрттерге шығып қана қоймайды, аймақта болып жатқан басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетеді.
    Жыл сайын Ақмола облысының шалғай елді мекендерін өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету Ақмола облысының ТЖ Департаменті мен оның аумақтық бөлімшелерінің басым міндеті болып табылады.
    Облыстың көптеген шалғай елді мекендерінде тиісті өртке қарсы қорғауы жоқ.
    Осы маңызды мәселені шешу үшін, облыс әкімдігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, облыстың шалғай елді мекендерінде өрт сөндіру бекеттерін құру жоспарын әзірлеп бекітті, онда 2020 жылға дейін облыс аумағында 28 өрт сөндіру бекетін құру жоспарлануда.
    Бұл өрт сөндіру бекеті Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті және «Өрт сөндіруші» АҚ қолдауымен жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша жоспардан тыс құрылып, ашылды.
    Бүгінгі күні облыста 21 өрт сөндіру бекеті жұмыс істеп тұр, жыл соңына дейін тағы 6 бекетті ашу жоспарлануда.
    31 Aqmola PoST 1 31 Aqmola PoST 1 31 Aqmola PoST 1 31 Aqmola PoST 1
    Ақмола облысы ТЖД
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.