
Трассалық медициналық-құтқару пункттері (бұдан әрі – ТМҚП) ҚР ІІМ ТЖК Алматы облысы бойынша "Апаттар медицинасы орталығы" ММ филиалының қарамағына 2014 жылдан бастап тұр.
ТМҚП көлік қозғалысы көп тіркелетін Алматы – Өскемен тас жолында, жол-көлік оқиғаларына едәуір көп ұшырайтын учаскелерде орналасқан. "Үшарал" ТМҚП Үшарал, Аягөз, Достық автомобиль жолдары айрығында, Алматы – Өскемен трассасының 555 шақырымында.
ТМҚП көлік қозғалысы көп тіркелетін Алматы – Өскемен тас жолында, жол-көлік оқиғаларына едәуір көп ұшырайтын учаскелерде орналасқан. "Үшарал" ТМҚП Үшарал, Аягөз, Достық автомобиль жолдары айрығында, Алматы – Өскемен трассасының 555 шақырымында.
"Сарканд" ТМҚП Алматы – Өскемен трассасының 419 шақырымында орналасқан.
Әрбір ТМҚП штатында 10 адамнан тұратын жеке құрамы бар. Кезекшілік вахталық әдіспен 15 тәулік мерзімге дейін жүзеге асырылады. Бір уақытта ауысымда 5 адам бар: 2 фельдшер, 1 фельдшер-диспетчер, санитар-құтқарушы және жүргізуші санитар, ЖКО-ға шығу ТМҚП орналасқан жерден 50 шақырым радиуста тәулік бойы жүзеге асырылады.
Әрбір ТМҚП тікұшақ алаңы бар, ол жерден зардап шеккендер тікұшақпен емдеу мекемелеріне тасымалданадыСондай-ақ көлік медициналық-құтқару пункттеріне жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары мен жолда жүрген жүргізушілер көмекке жүгінеді, оларға дереу медициналық көмек көрсетіледі.
Фельдшер-диспетчер шақыртуды қабылдайды және шығыстағы бригаданың жұмысына басшылық жасайды, сондай-ақ ҚР ІІМ ТЖК "АМО" ММ диспетчерлік қызметіне және Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайлар басқармасына уақытылы баяндама жасайды.
Шұғыл әрекет ету бригадасының фельдшері, бұл жарақаттар мен басқа да шұғыл жағдайларда шұғыл көмек көрсету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен, жүрек-өкпе реанимациясы тәсілдерін меңгерген, реанимобиль жинақталған реанимациялық аппаратураны пайдалана алатын мамандар.
Санитар-құтқарушылар реанимобильмен жабдықталған авариялық-құтқару жабдықтарын пайдалану дағдыларын меңгерген. Жұмысқа қабылданған кезде санитар-құтқарушылар Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының базасында алғашқы оқытудан өтеді. Маусым айында барлық санитар - құтқарушылар Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының базасында бір апталық қайта даярлаудан өтті.
ТМСП шұғыл әрекет ету бригадаларының қарамағында 2014 жылы шығарылған "Hyunday caunty" реанимобильдері реанимациялық жабдықтармен, оттегі жабдығымен, жылдың суық мезгілінде зардап шеккендерді жылытуға арналған аппаратпен, қажетті дәрі-дәрмектер мен таңу материалымен, зардап шеккендерді иммобилизациялау үшін көлік шиналарымен жабдықталған. Сондай-ақ реанимобиль жиынтығына "Сарканд" ТМҚП Holmatro және "Үшарал" ТМҚП "Агрегат"ААҚ авариялық-құтқару жабдығы кіреді.
ТМСП ғимараты модульді, ғимаратта ас үйі мен себезгі бар жеке құрамның тұруына арналған үй-жай, емшара кабинеті, реанимобильге арналған қойма және гараж бар. Жеке құрамның шығу уақытын азайту үшін гаражға шығуы рәсімдік кабинеттен жүзеге асырылады. ТМҚП және реанимобиль радиостанциялармен жабдықталған, соның арқасында диспетчер бригадаға сапарда басшылық етеді және жағдай туралы уақтылы ақпарат алады.
Әрбір ТМҚП электр энергиясының авариялық ажыратылуы жағдайында автономды дизельді электр генераторы бар.
ТМҚП қажетті дәрі-дәрмектермен, ЖЖМ-мен, жеке құрам үшін киім формасымен қамтамасыз ету Астанақаласындағы ҚР ІІМ ТЖК "АМО" ММ-нен Алматы облысы бойынша ҚР ІІМ ТЖК "АМО" ММФ арқылы орталықтандырылып жүзеге асырылады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі



