
Сіздерді әлемдік өркениетке бой созған, Отанымыздың жүрегі елордамыздың мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттігімізді ұлықтайтын астанамыз – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры, жасампаз идеялар ордасы, еліміздің еркіндік жолындағы саяси ерік-жігерінің нышаны.
Болашақты болжай білген Елбасының батыл да ұлы идеясы негізінде елордамыз әлем көз тіккен ғажайып ордаға, барша Алаш ардақтаған еліміздің Бас қаласына айналды. Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің жүрегі болған елордамыз өркендей берсін!
Астана күні 1998 жылы қаланың астана мәртебесін алған сәтінен бастап атап өтіледі. Бұл мереке халық үшін тарихи әрі мәдени маңызға ие және де Қазақстан Республикасы жетістігінің
Осы мерекеде Сіздерге және ұжымыңызға зор денсаулық, бақыт пен береке, қажымас күш-қайрат, сәттілік пен абырой тілеймін. Қазақстанның өркендеуі жолындағы игі жоспарларыңыздың орындалуына тілектеспін!
М. Аманбаев
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД
бастығының м.у.а. полковник
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД
бастығының м.у.а. полковник



