Қазақстан Республикасы Президентінің әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне шендерді табыс етті

    Қазақстан Республикасы Президентінің әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне шендерді табыс етті
    Қалыптасқан дәстүр бойынша елорда күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Атамекен» мемориалында Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсімінде еліміздің әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектері Мемлекет басшысының қолынан алғашқы офицерлік атақ шенін алды. Осы жылы өткен іс-шараның ерекшелігі, бұл жылдағы 12 болашақ офицердің орнына биыл 27 офицер Бас қолбасшысының қолынан шен алады.
    34 KTI pogony 1 Осы жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының 3 тәрбиеленушісі Чиченков Дмитрий Евгеньевич, Жұмашов Дархан Сержанұлы және Бекқұл Қасымбек Сәбитұлы осы құрметке ие болды. Олар бөлініске сәйкес ТЖК аумақтық бөлімшелерде қызметтерін жалғастыратын болады.
    34 KTI pogony 2 Азаматтық қорғау органдары кадр ұстасының үздік түлектері қызмет барысында барлық жүйені дамытуға қомақты үлес қосып, жоғары нәтижелерге қол жеткізетініне сенімдіміз, себебі курсанттар бола тұрып, бұл балалар институттың ғылыми, спорттық және мәдени өміріне белсене қатысып, институтта оқытудың имиджін және өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын арттыра отырып, институттың ғылыми, спорттық және мәдени өміріне белсене қатысты.
    Олар оқу бағдарламасының теориялық курсын «өте жақсы» меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар спорттың әр түрі бойынша КТИ құрамында өнер көрсете білді, ғылыми-зерттеу қызметімен айналыса білді, мақалалар жазып, ғылыми-практикалық конференцияларда сөз сөйлейді, «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
    Оқу мен қоғамдық өмірде жоғары нәтиже көрсеткен институт түлектері 2010 жылдан бастап осы рәсімге қатысады.
    Жалпы 9 жылда Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті ведомстволық оқу орнының 19 түлегі лейтенант шенін алды.
    Қазақстан Республикасы
    Ішкі істер министрлігі
    Төтенше жағдайлар комитеті
    Көкшетау техникалық институтының
    баспасөз қызметі
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.