
21 маусым күні Батыс Қазақстан облысы ТЖД мәжіліс залында Полиция күні және Мемлекеттік қызметкерлер күні мерекелеріне орайластырылған салтанатты шара өтті. Шара барысында БҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау майоры Н.Таубеков азамат Раимбек Нұрланұлы Жәнібековке және №8 ӨСБ аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау старшинасы Ақылбек Ишимовке Департамент бастығы генерал-майор Ж.Жұмашевтың атынан алғыс хат табыстады.
2019 жылғы 29 мамыр күні сағат 3.30-да БҚО ТЖД Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына «112» нөміріне
Бөрлі ауданы, Ақсай қаласындағы Жамбыл көшесі 57, ауданы 160 ш.м. төбесі, асханасы және жапсаржайы жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрттің шығу себебі, шығын мен кінәлі тұлғалар анықталуда. Оқиға орнына жеке құрамнан 8 адам мен 2 бірлік техника барды. Өрт 4.25 сағатта оқушауланып, 5.20 сағатта толықтай сөндірілді.Осы өртте студент Р.Жәнібеков және азаматтық қорғау старшинасы А.Ишимов (қызметтен тыс уақыты кезінде жүрген) ержүректік көрсетіп екі адамды – мүгедек қария мен әйел адамды құтқарды.
Төтенше жағдайда абыржымай 2 адамның өмірін сақтап қалған Раимбектің әрекеті барлық құрдастарына үлгі бола алады.


