Қазақстан өнеркәсібіне Индустрия 4.0 элементтерін енгізуді әзірлеу жұмыстарының екінші кезеңі аяқталды

    Қазақстан өнеркәсібіне Индустрия 4.0 элементтерін енгізуді әзірлеу жұмыстарының екінші кезеңі аяқталды

    «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның сарапшылары германиялық Фраунгофер Қоғамының (Fraunhofer-Gesellschaft) мамандарымен бірлесе отырып, бір апта бойы индустрияландыру саясатын құру үрдісіне қатысатын мемлекеттік органдардан, дамыту институттары мен басқа да мүдделі тараптардан сұқбат алды.

    Сұхбат алу барысында сарапшылар өнеркәсіпте Индустрия 4.0 (IT технологиялары, өндірісті автоматтандыру және сандандыру және т.б.) элементтерін енгізуді қолдау бойынша ағымдағы жағдайды анықтау үшін мүдделі тараптардың бастамаларын анықтады. Ол үшін Фраунгофер мамандары Қазақстан өнеркәсібінің дайындық деңгейін бағалау әдістемесін әзірледі.

    2017 жылғы 10-14 шілде аралығында өткен мамандар арасындағы сұхбатқа мемлекеттік органдар, машина жасау, металлургия, химия компаниялары, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп, тағам және фармацевтика өндірістері секілді 30 ұйым қатысты. Бұл ұйымдардың қатарында «Зерде» ҰИХ» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, Бәйтерек, "Транстелеком" АҚ, «ТДҰА» АҚ, «БРК-Лизинг» АҚ, «ДАМУ» АҚ, «NADLOC» АҚ, «Атамекен» ҰКК, ҚР жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ассоциациясы, жиһаз жасау және ағаш өңдеу өнеркәсібінің ассоциациясы, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, сондай-ақ ҚР білім және ғылым министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «ИТП» ДКҚ, "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" АҚ , «Назарбаев Университеті», Қазақстандық Автоматтандыру және роботты техника қауымдастығы, «НК «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, IoT Kazakhstan, «КазАгро» ҰБХ» АҚ,сондай-ақ ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (Ақпараттық қауіпсіздік комитеті) өкілдері болды.

    Сұхбат жүргізу барысында екі топ мамандары тек қана ТЕТ-а-ТЕТ және скайп форматында ғана емес, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындарға, өңірлерге арнайы сапарға шықты.

    Осылайша сұхбат құрушы мамандар Оңтүстік Қазақстан облысындағы өңдеу өнеркәсібі секторының «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, High Industrial Lubricants & Liquids (HILL) Corporation, «Химфарм» АҚ, «Шымкентмай» АҚ, KARLSKRONA LC AB және«Ferrum Corp» ЖШС басшылар құрамымен кездесу өткізді.

    Сондай-ақ, кейінгі модернизациялау және кәсіпорындармен толығырақ танысу мақсатында сарапшылар Васильковский ТКБК («Қазцинк»), Нұрқазған («Қазақмыс») және Жолымбет кенорындарына («Қазақалтын») сапармен барды.

    Сұхбат алу және сауалнама жүргізу қорытындысы бойынша Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге өңдеу өнеркәсібіндегі секторлардың дайындығын талдау бойынша есеп дайындау жоспарланып отыр.

    Сарапшылар мен мамандар жүргізген сұхбат өңдеу өнеркәсіптерінің Индустрия 4.0 дайындығын пысықтауға бағытталған екінші кезеңі екендігін атап өткен жөн. Бірінші дайындық кезеңі осы жылдың ақпан-сәуір айларында жүзеге асты, оның ең басты нәтижесі ҚИДИ-ды серіктес ретінде таңдауы болатын. Бұл қатарда ғылым мен бизнес тоғысында әрекет жасайтын бірнеше шетелдік компаниялар бар. Солардың бірі Германиядағы 69 қолданбалы инстуттарды біріктірген Фраунгофер Қоғамы (Fraunhofer-Gesellschaft), соның ішінде Өнеркәсіптік автоматтандыру институты, Жаңа материалдарды зерттеу институты, Зияткерлендірілген жүйелердің институты және т.б. болды.

    ҚИДИ келесі кезеңде нақты ұсыныстарды және кәсіпорындарды қолдау механизмдерін қалыптастыруды бастайды. Іс-шаралар кешені осы жылдың қыркүйек айында ұсынылады. Қорытынды құжат жылдың аяғында үкімет қаулысымен қабылданады.

    Осы жылдың желтоқсан айынан кешіктірмей ҚР Үкіметі Қазақстан өнеркәсібіне Индустрия 4.0 элементтерін енгізу бойынша іс-әрекеттер жоспарынан тұратын қаулыны қабылдау керектігі туралы естеріңізге саламыз. Бұл тапсырма ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен 2017 ж. Қазақ халқына жоладуында қойылды.

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.