Ақмола облысының құтқарушылары құдықтан адамды құтқару бойынша оқу жаттығу өткізді

    Ақмола облысының құтқарушылары құдықтан адамды құтқару бойынша оқу жаттығу өткізді
    Ақмола облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қауіпті газ-метан бар қараусыз қалған құдықтарда жұмыс жүргізу кезіндегі тактикалық іс - әрекеттер бойынша оқу-жаттығу өткізді.
    Осы оқу-жаттығудың түпкі ойына сәйкес, аз мөлшерде газ-метан бар қараусыз қалған құдық Көкшетау қаласының шетінде орналасқан. Абайсызда адам құлап кеткен, ол 112-ге қоңырау шалып, оқиға туралы хабарлаған. «Дабыл» белгісін алған кезде жасақтың төрт құтқарушысы оқиға орнына жедел шықты.
    39 Aqmola U4enie kolodets 2 Жасақтың құтқарушысы Мирас Есханов Л-1 жеңіл қорғаныш костюмі мен оқшау сүзгісі бар панорамалық масканы киіп, құдыққа түсті. Содан кейін альпинистік жабдықтарды қолдана отырып, зардап шеккенді құдықтан шығарып алды. Көзбен шолып қарау кезінде зардап шеккен адамның денесінде дене жарақатының көрінетін белгілері байқалмады. Медбике-құтқарушы Наталья Данилецкая оған алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетті.
    Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін оқу - жаттығу жетекшісі радиациялық және химиялық биологиялық қорғау бөлімшесінің бас құтқарушысы - Ақжан Оразалин және жедел топ жетекшісі Рүстем Мужупов оқу-жаттығу өткізу кезінде жасақ құтқарушыларының тактикалық іс-қимылдарына талдау жүргізді. Тактикалық оқу-жаттығудың нәтижелері бойынша жасақтың күштері мен құралдары ТЖ осы түрлері бойынша жоюға дайын деп танылды.
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.