
2018 жылғы 30 наурызда ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Салауат Уахитов және ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Мұрат Оспанов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Одан бұрын тараптар тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде бірлескен және келісілген іс-әрекеттерді жүзеге асыру бойынша келісімге келген болатын.
Ынтымақтастық тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуына, тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.
Сондай-ақ, қол қойылған құжатқа сәйкес техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында заң бұзушылық фактілері бойынша тұтынушылардың келіп түскен өтініштер туралы ақпарат алмасу көзделген.



