
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес халықаралық стандарт – ол ТМД стандарттау, метрология және сертификаттау Халықаралық кеңесімен қабылданған аймақтық стандарт болып табылады.
Қазақстан Республикасында мемлекетаралық стандартының жобасын әзірлеуді ұйымдастыру жұмыстарын техникалық реттеу және метрология Комитеті келесілердің негізінде жүзеге асырады.
- мемлекетаралық стандарттау бойынша бағдарлама жұмысы;
- мемлекетаралық стандарттау, метрология және сертификаттау кеңесінің шешімі;
- ұлттық стандарттау органының қатысушысының стандарттау, метрология және сертификаттау саласында бірлескен саясат жүргізу Келісімі туралы бастамалары;
- мемлекетаралық стандарттау бойынша техникалық комитеттің бастамасы;
- стандарттау бойынша қызмет немесе өнімдер тобына нақты бағыты бойынша Мемлекетаралық бағдарламасы;
- стандарттау жобасының әзірлеушісі берілген өнімнің түрі, қызмет көрсету немесе процедурасы бойынша мамандандырылатын және бұл салада жоғары ғылыми-техникалық потенциалды ұйым болуы керек.
Әзірлеуші мемлекетаралық стандарт жобасының негізі ретінде Қазақстан Республикасында қолданыстағы немесе өңделіп жатқан ұлттық стандарттарды, қолданыстағы немесе өңделіп жатқан халықаралық және аумақтық стандарттарды, шетелдік мемлекеттердің және ұйымдардың стандарттарын, сонымен қатар халықаралық стандарт болып табылмайтын халықаралық құжаттарды қолдана алады.
Техникалық реттеу және метрологиялық комитетінің ресми сайтында мемлекетаралық стандарттардың әзірлемесінің басталуы және аяқталуы жайлы, оларға енгізілген өзгерістер жайлы, мемлекетаралық стандарттардың әзірлеушісі жайлы ақпараттар орналасқан.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Қазақстан Республикасында Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, қолдану, жаңарту және күшін жою тәртібі» ҚР СТ 1.23-2013 ұлттық стандартында мемлекетаралық стандарттардың әзірлеме тәртібінің толық сипаттамасы, келісу, қабылдау, қолдану, өзгеріс енгізу және күшін жою, сонымен қатар мемлекетаралық стандарттарды қарастыру тәртібі, мемлекеттік стандарттау бойынша ұлттық ұйымдармен әзірленген – метрология және сертификаттау ,стандарттау саласындағы біріккен саяси келісім өткізілімі қатысушылары туралы жазылған.
Техникалық реттеу саласы бойынша барлық сұрақтар жөнінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне хабарласуларыңызды сұраймыз, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 11, тел.:750541,750543,750550, email [email protected].
Мұқыжаов Ғ.Ғ. – Астана қаласының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.



