" ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ"ММ құтқарушылары таудағы қызды эвакуациялады

    " ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ"ММ құтқарушылары таудағы қызды эвакуациялады
    Өткен мереке күндері РЖҚЖ құтқарушылары тауда іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізді.
    Ер жігіт пен қыз бала Чукур сарқырамасына дейінгі бағыт бойынша жол жүрген. Туристтер кері түсу кезінде адасып кеткен, қыз аяғын қайырып алып, қатты ауырсынуына байланысты, жол жүруді жалғастыру мүмкін емес еді. Аталған ауданда байланыс жоқ, бірақ саяхатшылардың жолы болып – олар жедел қызметке хабарласа алды, онда РЖҚЖ құтқарушы мамандарына өтініш берілді.
    Өкінішке орай, жинаған ақпараттың аздығына қарамастан, РЖҚЖ-ның жедел кезекшісі шұғыл түрде құтқарушылардың жедел тобын, соның ішінде кинологты іздестіру орнына жіберді.
    Құтқарушылар іздестіру жұмыстарына кірісті, сонымен қатар зардап шеккендермен байланысқа шығуға тырысты, бірақ байланыс болмады. Байланыстың жоқтығына қарамастан, туристтердің телефонына көмек көрсетілетіні туралы, барлығы жақсы болады деген хабарлама жіберілген болатын.
    Біраз уақыттан кейін геолокация мәліметтермен жауап келді. Енді құтқарушылар зардап шеккендерге тура жол жүре алды. Көп ұзамай кездесу болды. Балалар Чукур сарқырамасының жанында құтқарушыларды күтті, тіпті шамдары да жоқ екен. Қыздың өз еркімен жүре алмауына байланысты, оны зембілмен түсіру туралы шешім қабылданды. Құтқарушылар алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетті – жарақат алған азаматшаның табанына қатты таңғыш салды.
    Мәселен, қараңғыда тар және тайғақ шатқалымен, қойтастарды еңсере отырып, құтқарушылар зардап шегушіні түсіре бастады. Топқа екі рет тау өзенінен өтуге тура келді. Сондай-ақ, қыстан қалған, көлеңкеде ерімеген қар көшкінін еңсеруге тура келді.
    Соңында, барлық қиындықтар сәтті өтті. Зардап шеккен туристтер құтқарылып қауіпсіз жерге жеткізілді.
    10 OSO Evak 2 10 OSO Evak 3 10 OSO Evak 4
    "ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ" ММ баспасөз қызметі»
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.