БҚО-да 4 адам құтқарылды, оның екеуі бала

    БҚО-да 4 адам құтқарылды, оның екеуі бала
    9 шілде күні сағат 17.05-те БҚО ТЖД дағдарыс жағдайларда басқару басқармасының «112» нөміріне Теректі ауданының Сарыөмір ауылы Шалқар көлінде үрлемелі қайықта отырған азаматтарды жел белгісіз бағытқа алып кетті деген хабар келіп түсті. Құтқарушылар Асылбек Майтанов пен Аслан Алдияровтың бір жолға қойылған кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында сағат 17.45-те жағадан 6 шақырым қашықтыққа жүзіп кеткендер табылып құтқарылды (жағдайлары орташа, медициналық көмекті қажет етпеді).
    09 ZKO ASR 2 Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қала және облыс тұрғындарына судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін ЕСКЕРТЕДІ:
    - жағажай болмаған жағдайда, қауіпсіз және рұсат етілген жерде ғана суға шомылыңыз, судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. Таныс емес жерлерде сүңгімеңіз, себебі су түбінде қауіпті заттар болуы мүмкін. Суға шомылар алдында демалып алған жөн. Тамақтанып болысымен және масаң күйде суға шомылмаңыз. Қалтырай бастасаңыз суда шомылуды тоқтатыңыз. Тәулігіне 2 рет қана таңертең және кеште суда шомылу ұсынылады.
    09 ZKO ASR 3 Жүзу кезінде дененің тырысып қалуы мүмкін. Тырысулар бұлшық еттің салқындауы және кенеттен қатты қозғалу кезінде басталады. Аяқ-қолыңыз құрысқан кезде көмекке шақырыңыз. Егер судың бетіне шығу мүмкін болмаған кезде, келесідей іс-әрекет жасаңыз:
    -қолыңыздың саусақтары құрысып қалған кезде, жұдырығыңызды түйіп, қолыңызды бір жаққа қарай серпе, лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз;
    - балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып, бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз.
    Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере демалып, иірімнің астына сүңгіңіз. Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз. Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып, жағаға қарай жүзіңіз.
    Батыс Қазақстан облысы ТЖД
    Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.