Қазақстанның Қаржы министрі Орталық Азиядағы жергілікті капитал нарығын дамытудағы Астананың рөлі туралы айтып берді

    Қазақстанның Қаржы министрі Орталық Азиядағы жергілікті капитал нарығын дамытудағы Астананың рөлі туралы айтып берді

    Қаржы министрі Б.Сұлтанов «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ашылуы аясында «Орталық Азиядағы жергілікті капитал нарығын дамыту: Астананың бұл үдеріске катализатор ретіндегі рөлі» тақырыбында Astana Finance Days жаһандық қаржыландыру форумының сессиясына қатысты.


    Оның пікірінше, Астананың географиялық жағдайы, Қазақстанның өңірлік экономикалық ынтымақтастыққа және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы елдің жаһандық қаржы жүйесінің интеграциялануын жеделдетудің барлық алғышарттарын жасайды.АХҚО жаһандық инвесторлар мен қатысушыларды үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші халықаралық қаржылық қызметтер орталығы болуы тиіс. Осыған байланысты жалпы ағылшын заңдарының принциптеріне негізделген тәуелсіз халықаралық сот жүйесі, негізгі халықаралық серіктестермен стратегиялық ынтымақтастық және т.б. қаржы саласындағы халықаралық реттеу және бизнестің стандарттары енгізілді.Инвестицияларды тарту және елдің қор нарығын дамытуды іске асыру мақсатында басқа бастамалармен қатар АХҚО Биржасы құрылды. Бүгінгі таңда қор биржасының акционерлері Америкалық қор биржасы Nasdaq, Inc.болып табылады (әлемдік капиталдандыру бойыншаекінші орында) және Шанхай қор биржасы (әлемдік капиталдандыру бойынша 4 орында).АХҚО Қоры Әкімшілігі Биржасының - IT инфрақұрылымын құру процесі шеңберінде Nasdaq сауда-саттық жүйесінің табысты функционалдық тестілеуі өткізді.АХҚО Қытай мен Солтүстік Америкамен стратегиялық әріптестігі жетекші әлемдік биржаларымен инвестициялық өтімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, сонымен бірге Қазақстанның капитал нарығындағы инвестиция тартуы арттырылады.«АХҚО-ның биржасында орналастыру және кейінгі қызмет көрсетудің жетекші және ең сенімді әлемдік жеткізушісі болып табылатын Euroclear арқылы есеп айырысу инвесторлардың базасын кеңейтуге және мемлекеттік қарыз алу құнын төмендетуге ықпал етеді», - деп Қаржы министрлігінің басшысы мәлімдеді.Қазақстанның қаржы секторын дамыту стратегиясына сәйкес, 2020 жылға қарай жиынтық исламдық банк активтерінің көлемі 3-5 пайызға жетуі тиіс. Елбасы 2020 жылға қарай ТМД және Орталық Азиядағы ислам банкингінің орталығы ретінде Қазақстанды қалыптастырудың нақты тапсырмасын қойды. Берілген міндеттер мен мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу елде исламдық қаржы институттарының қызметі үшін тиісті шарттар жасалса ғана мүмкін болады.Қаржы министрлігі АХҚО-мен бірлесіпАХҚО алаңында исламдық сукук бағалы қағаздарын шығару бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр.Жекешелендірудің Кешенді жоспары шеңберінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ұлттық компанияларының IPO бойынша Биржаның сайтында бірлескен жұмыс жүргізілуде.Осылайша, Қормен бірлесіп «Қазақтелеком» АҚ мен «Казатомпром» ҰАК АҚ IPO шығаруға арналған жол картасын бекітті. «Эйр Астана» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компанияларының 2018 жылы шығуына арналған аналогтық жол карталары бекітілуде. Жекешелендіру мен МЖӘ бағдарламаларын тиімді іске асыру Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарудағы еліміздегі тұрақты экономикалық өсуге ықпал етеді.Жергілікті активтерді басқару нарығын қалыптастыруға қабілетті халықаралық басқарушы компанияларды локализациялауға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырудағы инвесторлардың сеніміне ие болу АХҚО міндеттерінің біріболып табылады.АХҚО құру шетелдік жеке эмитенттерді одан әрі кеңейту үшін ғана емес, сонымен қатар орталықтың инновациялық қаржы құралдары және бірегей инфрақұрылымы арқылы ТШИ ағындарының көбеюі үшін жүргізу факторларының бірі болып табылады.

    ҚР ҚМ баспасөз қызметі

    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.