Алматыда «Табиғатты аялау» акциясы болып өтті (Туған өлкеңіздің табиғатын аялаңыз. Орманға қамқорлық жасаңыз)

    Алматыда «Табиғатты аялау» акциясы болып өтті (Туған өлкеңіздің табиғатын аялаңыз. Орманға қамқорлық жасаңыз)
    Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде биылғы жаз ыстық болып таулы орман алқаптарындағы өрт қаупі едәуір артқандықтан, өрт сөндірушілер арасында өртке қарсы алаңдаушылық орын алды.
    Алматы қаласында тұрғындардың құрғақ шөптер мен қоқыстарды өртеуінің алдын алу мақсатында Алматы қаласының ТЖД және өрт сөндіру Қызметі Алматы қаласының ДП-мен бірлесіп «Табиғатты аялау» атты акция өткізді. Акцияға ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілері мен Құрылыс және халық қолөнері колледжінің студенттері қатысты.
    20 Almaty Akcia 2 Департамент қызметкерлері Алматы қаласының тұрғындарына қала маңайындағы таулы және орман аумақтарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін таныстырып, арнайы рұқсат етілмеген орындарға от жағуға болмайтындығы айтылды. ТЖ Департаментінің қызметкерлері жеке меншік үйлердің тұрғындарынан үйлерге іргелес аумақтарды таза ұстауды, қоқыс пен құрғақ шөптен уақтылы тазартуды сұрады. Шағын және орта бизнестің басшыларына, азаматтардың жаппай болу объектілеріне өрт қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету ұсынылды.
    Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері өрттің өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін орындамағаннан шығатынын анықтады. Жазғы ыстықта қоқыс пен тозаңды уақытында жинамау төтенше жағдайдың ықтималдығын арттырады; өрттің ашық жерлерден таулы орманға дейін жетуі мүмкін екенін ұмытпаңыз, ондай жағдайда өртті, сондай-ақ тұрғын үйлер мен әр түрлі ғимараттардан көк жалынды сөндіру қиындық тудырады.
    Демалушылардың от жағу ережелерін, талаптарын сақтамауы өрт шығуының негізгі себебі болып табылады.
    Өткізілген акция барысында «Табиғатта және таулы аймақтардағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында 517 жадынама таратылды. Іс-шара Іле-Алатауы Ұлттық табиғи паркінің аумағында, «Широкая щель» мен Бауман шатқалдарында өткізілді.
    20 Almaty Akcia 6 20 Almaty Akcia 4 20 Almaty Akcia 5
    20 Almaty Akcia 3 20 Almaty Akcia 7 20 Almaty Akcia 8
    Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі
    Источник

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.