
Оқиға кеше түнге қарай Өскемен қаласындағы 9 қабатты тұрғын үйде орын алды. 1988 жылы туған ер адам өз-өзін өлтірмек болу әрекетімен 7 қабаттың қылтимасында металл кір жайғыш конструкциясына шығып қолымен 8 қабатқа тартылды. Куәгерлер бірден жедел қызметті көмекке шақырды. Полиция қызметкерлерімен бірге оқиға орнына ШӨАЖҚЖ және ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ мамандандырылған жасағының құтқарушылары келді.
Құтқаруға дайындық пен іс-әрекеттер санаулы минуттарды алды, полиция қызметкерлері көңілі түскен ер адамды әңгімеге тартпақ болған мезетте құтқарушылар жедел және бір қалыпта жұмыс істеуге тырысты.
ШӨАЖҚЖ құтқарушылары жерден «өмір кубы» арнайы конструкциясын жайды – бұл ауаның үлкен көлемінің және материал тығыздығының есебінен оған әртүрлі биіктіктен секіретін адамдарды қабылдайтын үрлейтін матрас.
Бұл уақытта мамандандырылған жасақтың құтқарушылары Дарын Искаков пен Алтай Қаирғазинов 7 қабатқа көтерілді. «Жігітті ұстап қалу үшін Алтай құтқару жабдығын киді. Мен жолдасымды қылтимадан сақтандырып тұрдым. Біз ер адаммен кезек кезек сөйлесуге тырыстық. Ол мазасыз және қорқулы болды», - дейді ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» мамандандырылған жасағының аға құтқарушысы Дарын Искаков.
Әңгіме барысында ер адам кір жайғыш металл конструкциядан түсуге келісті. Бұл уақытта Алтай Қаирғазинов жігітті ұстап алып 7 қабаттан құлап кетпеуге көмектесті.
Ер адам полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
ШҚО ТЖД


