
Өрт сөндірушілер үнемі әр түрлі оқу-жаттығуларда, өздерінің шеберліктерін шыңдайды. Олардың жұмысының бұл бөлігі өте маңызды, өйткені нақты оқиғаларға тез жетіп, анық, қатесіз әрекет ету қажет.
Кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында бүгін Өскемен қаласының өрт сөндіру бөлімдері мен «Өрт сөндіруші» АҚ арасында өрт-құтқару дайындығы бойынша жарыстар өтті.
Өрт сөндірушілер жауынгерлік киім мен жарақтарды кию, кедергілер мен лабиринтті бағындыру, оқу мұнарасының 3-ші қабатының терезесіне 3 иінді жылжымалы сатымен көтерілу, нысананы көздеу кезінде күштер мен құралдарды өрістету дағдыларын көрсетті. Жарыстың барлық кезеңдері нақты өрттерге қажетті жұмыстың басты сәттерін көрсете отырып құрылған.
Жеңімпаз ең аз жинаған балл бойынша анықталды, ол жауынгерлік киім киюге және барлық эстафетадан өтуге жұмсалған уақыттан, сондай-ақ айыптық ең аз санынан құралған. Өскемен қаласы мамандандырылған жасағының өрт сөндірушілері ең жылдам және шебер болып шықты, екінші орын № 9өрт сөндіру бөлімі және үшінші жүлделі орынға «Өрт сөндіруші» АҚ командасы ие болды.
«Мейлі, бұл тек жаттығу ғана болсын, көрнекі өнер көрсетсін, бірақ өртте жанкешті, батыл, әрекет көрсетеді». Жарыстағы бір секунд ішіндегі күрес- бұл нақты жағдайдағы адам өмірі үшін күрес" – деп «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ»ММ бастығы Ғ. Ақаев айтып өтті.













